15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырау облысында жаңа туған сәбиді көшедегі дәретханаға тастап кетті

    Атырау облысында жаңа туған сәбиді дәретханаға тастай салған. Нәресте аман қалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Масқара жайт 3 қазанда Индер ауданында орын алды. “Мой ГОРОД” хабарлағандай, баланы көшедегі дәретханаға 31 жастағы әйел тастаған.

    Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған нәресте Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылды.

    Бала гипотермиямен ауруханаға түсті, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. 31 жастағы көкек ана сол ауданның тұрғыны болып шықты, ол облыстық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды, – дейді дәрігерлер.

    Бұл фактіге сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    қатысты посттар

    Алматыда вайнерлер жарнамалаған пирамида ұйымдастырушысы ұсталды

    Фариза

    “Достық үшін алайық”. Стақан соғыстырған балалар жұртты күлкіге қарық қылды

    Фариза

    Мұнай, доллар, митинг… Бүкіл Қазақстан демалғанда, эканомикамыз құлдырап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.