22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Тұрсынбек Қабатовтың қызы қайда оқуға түскенін көрсетті

    Жақында басы дауға қалған Тұрсынбек Қабатов отбасымен Дубайда жүр. Актердің жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде саяхаттың көріністерімен бөлісті. Ал қызы Әдемі Тұрсынбекқызы өзі оқитын оқу орнын көрсетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі,  Stan.kz. порталына сілтеме жасап.

    Мөлдір Мұқанова қызының студент болуымен құттықтаған оқырмандарына алғыс айтты. 

    “Сіздердің де бала-шағаларыңыз студент атанып, биіктей берсін”, – деп жазды ол. 

    Өз кезегінде актердің қызы университеттің суретін жариялады. Бұған дейін, Қабатов қызының шетелге оқуға түсетінін айтқан болатын. 

    Айта кетсек, тамыз айында заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірді. Ал Нұр-Сұлтан білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шыққан еді. Басқарма оқушы Аманғали Ә.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлады. Ал Қабатовтың жары жақында халықтың алдында есеп беретінін, отбасына тіл тигізгендердің жазасыз қалмайтынын ескертті.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    “Менің өліміме кінәлі адамдар…” – асылып қалған жігіттің өлер алдындағы хаты

    “Оның бәрі заңсыз әрекет екен…” – митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    “Өзін берді ғой, адамдар үшін” Марқұм болған жүргізушінің анасы баласын кінәләмауды сұрауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.