9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Байзақтағы Ботамойнақ ауылдық округіне таза ауыз су берілді

    Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мақсатты бағдарламалардың бірі – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі. Осыған орай Ботамойнақ ауылдық округінде су қабылдау имараттары мен су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, жергілікті халықтың игілігіне ұсынылды.

    Шараның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жергілікті жұртты құттықтап, билік өкілдерінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға ерекше көңіл бөліп отырғандығын және ел игілігі үшін мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.

    — Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – басты міндеттердің бірі. «Су – тіршілік көзі, денсаулық кепілі». Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Ауданымыздағы 43 елді мекеннің 56 пайызы таза ауыз сумен қамтылса, жыл басынан бері 7 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Міне, бүгін Байзақ ауылының тұрғындары таза ауыз су жүйесі іске қосылып отыр, — дей келе Бақыт Алпысбайұлы құбырды тартып, тұрғындарды қуанышқа кенелткен мердігер басшылығы мен құрылысшыларына алғысын айтты.

    — Бүгін, Байзақ ауылында үлкен қуаныш болып жатыр. Таза ауыз су адам денсаулығына көп әсерін беретіні анық. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізген «Тараз Строй – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудан басшылығына жергілікті тұрғындар атынан зор алғысымызды айтамыз. Мына, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Жаңа нысан құтты болсын! — деді Ботамойнақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеулімжай Шартықбаев.

    — «Тараз Строй – 2004» компаниясының атынан Сіздерді құттықтағым келеді. Мемлекет басшысының саясатының арқасында қабылданған бағдарлама арқылы бой көтерген ауыз су нысаны ұзақ жылдар бойы Сіздерге қызмет етеді деген сенімдемін. Қуаныштарыңыз құтты болсын! — деді мердігер Біржан Жорабеков.

    Бұдан соң дәстүрге сай, ауыз су ғимаратының лентасын аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен ауылдық округ ардагерлері кеңесінің төрағасы Кеулімжай Шартықбаев қиып, су қондырғысы іске қосылды. Салтанатты шара қатысушылары ғимарат ішін аралап, таза ауыз судан дәм татты.

    Нысанның ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков, тиісті бөлім басшылары, Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Жалпы, Байзақ ауылы бойынша су құбыры желісінің ұзындығы 31 шақырымды құраса, оған 1021 ауладағы бес мыңнан астам тұрғындар таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жергілікті тұрғындар арасынан «Байзақ Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы 3 машинист және 1 бақылаушы тұрақты жұмысқа қабылданған.

    қатысты посттар

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.