15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Павлодарда төбесі опырылып, ортасына түскен спорт залдың күл-талқаны шықты

    Павлодарда спорт мектебінің бокс залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Оның видеосы Instagram парақшасында жарияланды.

    Біз осы оқиға орын алғанға дейін төбедегі жарықшақтың себебін білу үшін мамандарды шақырған едік, бірақ бүгін таңғы 10-да сықырлаған дыбыс естілді. Құлау кезінде іште вахтер, спорт ғимаратының меңгерушісі және мектеп директорынан басқа ешкім болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – деп түсіндірді туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

    Бейресми ақпаратқа сәйкес, басылымда атап көрсетілгендей, ғимаратта сықырлаған дыбысты естіген бойда сыртқа қашып шығып үлгерген спортшылар болған.

    Ғимарат 1984 жылы салынған, шатырлары 2010 жылы, ал қасбеті 2013 жылы жаңартылды.

    Бұған дейін ғимараттағы спортзалдың орнында автокөлік тұрағы болған. Қайта құрудан кейін бөлме бокс залына бейімделіп жасалды, онда 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жаттығады, – делінген хабарламада.

    қатысты посттар

    Жергілікті қазақтар «Басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дұңғандар алып қойды, өткізбейді» деп шағым айтты

    Сіз кімсіз, Игорь Дужнов? Бес адамды жайратып салған алматылық туралы жаңа деректер айтылды

    Фариза

    “Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?” Алматы тұрғындарына дабылды ескерту

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.