19 C
Алматы
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Карантин

    СҚО-да құс тұмауы шыққан Лебьяже ауылы карантинге жабылды

    Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тарап жатыр. М.Жұмабаев ауданының Лебьяже ауылында мыңнан астам үйрек-қаз бен тауық қырылып қалды. Қауіпті инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында елді мекенде карантин жарияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданына қарасты ауылда 1003 үй құсы қырылып қалған. Шығынға ұшыраған үйрек-қаз бен тауық 7 үйге тиесілі. Мамандардың айтуынша, жұқпадан негізінен биыл шыққан 2-3 айлық құстар өліп жатыр.

    «130 тауық, 291 қаз, 582 бас үйрек өлді. Құстардың өлексесі өртелді. Ветеринариялық қызмет эпизооториялық зерттеу жүргізді. Зертханаға жіберілген материал құс тұмауын растап отыр. Қорытындысы 24 қыркүйек күні келді. Қауіпті індетті жабайы құстар тасымалдауы мүмкін. Ауыл шетіндегі көлде аққу, үйрек, қыз сынды жабайы құстар мекендейді. Үй құстарды да сонда жайылады. Осы Лебьяже 1584 бас құсқа вакцина салынды. Басқа да қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Басқа ауылдарда індет тіркелген жоқ», – дейді СҚО Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

    Өңірде 938 мың қанаттыға қауіпті инфекцияға қарсы екпе салынған болатын. Облысқа барлығы 1 млн дозадан астам вакцина бөлінген. Биыл маусым айында Айыртау ауданында 104 жабайы құстан тұмау анықталған еді. Олар залалсыздандырылып, жойылды. Былтыр құс тұмауы өңірдің 12 ауданында тіркеліп, 1,5 млн-ға жуық қанатты қырылды. Мамандар биыл эпизотикалық жағдайды бақылауда екенін айтты. Қауіпсіздік мақсатында Лебьяже ауылында карантин жарияланды. Шектеу шараларына сәйкес елді мекеннен құс және құс өнімдерін шығаруға тыйым салынған.

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    Қазақстанда карантин шаралары тағы жұмсартылады

    Фариза

    «Бақара сүресінен кірпік шығады, соны қайнатып ішсе, вирусқа ем болады» деген сөз қаншалықты рас?

    Фариза

    Ораза кезінде тісті тазалауға болады ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.