21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сапарбаев тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестерін құру туралы мәселе қаралды.

    Бүгінде облысымызда 1800 ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығында мүлік иелері бірлестіктері мен жай серіктестіктер құру керек. Байқап отырсақ, ол үйлерге жауап беретін, тәртібі мен тазалығына қарайтын жауапты мекеме құрылмаған,- деді аймақ башысы өз сөзінде.

    Кеңесте облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру» туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 143-тармағын орындау мақсатында, мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) институтын енгізу бойынша реформа іске асырылуда.

    2019 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Аталған Заң 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Ең басты қағида: бір үй – бір бірлестік – бір есепшот. Әрбір көппәтерлі үйдің тұрғындары арнайы жиналыста мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құру туралы шешім қабылдайды.

    МИБ – заңды тұлға ретінде коммерциялық емес болып табылатын ұйым. Ол тұрғындардың өз ішінен құрылады. Тұрғындар жиналысында үш жыл мерзімге көппәтерлі тұрғын үй кеңесі және ревизиялық комиссия сайланады. Сондай-ақ бір жыл мерзімге бірлестік төрағасы белгіленеді. ЖС – заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқару, – деді басқарма басшысы.

    Жалпы реформа аясында өңірлер арасында Жамбыл облысы МИБ құру бойынша 3 орында.

    Ағымдағы жылдың жоспары бойынша, облыста жалпы 1814 басқару органдарын құру қажет болса, бүгінгі күнге құрылғаны 809, оның ішінде 104-әі МИБ, 705-і ЖС.Дегенмен реформа аясында төмен көрсеткіштер Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласында орын алған.

    Құрылуы тиіс жаңа нысандардың шамамен 70 пайызы Тараз қаласында екендігі ескеріліп, қала әкімдігіне мәселеге тиісті деңгейде назар аударып, жұмысты ары қарай жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

    Айта кету керек, министрлікпен ақпарат алмасуды цифрландыру үшін енгізілген «Easy project» жүйесі республикада алғашқы болып Жамбыл облысында енгізіліп, қазір сәтті жұмыс атқаруда. Нақты құрылған 809 нысан болса, ол аталған жүйеге толық енгізілген. Реформа аясында жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет, оның ішінде қасбеттерді, шатырларды күрделі жөндеу және коммуналдық қызмет көрсету ережелері тек қана Жуалы ауданында әлі күнге бекітілмей отыр. Сонымен қатар, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған шығыстардың белгіленген ең төмен мөлшерін ешбір аудан, қала бекітпеген.

    Бердібек Сапарбаев басқару органдарын құру жоспары 45-ақ пайызға орындалғанына назар аударды.

    Әр үйдің бастамашы тобы болуы керек. Халық арасында кері байланыстың болмағанынан осындай жағдай орын алуда. Халық оның мәнісін әлі жете түсінбеуде,- деді Қ. Қорғанбаев.

    Облыс әкімі басқару орталықтарын қазан айына дейін рәсімдеп, жыл соңына дейін құруды тапсырды. Сондай-ақ бірқатар аудандар мен Тараз қаласының әкімдері мен орынбасарларының жауаптарын тыңдап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

    қатысты посттар

    АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ СӘРСЕНБІ КҮНІ ДЕ ӨТЕТІН БОЛДЫ

    Фариза

    Сыр өңірінде 7 жаңа кәсіптік мамандық ашылған

    Фариза

    Шымкент: Дәрі-дәрмек қолжетімділігін мониторинг тобы бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.