5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда ветеринариялық қызмет сапасын арттыру мәселесі сараланды

    Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен VII шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтті. Жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізіп отырды.

    «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында ветеринария саласын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударды.

    Жалпы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің дамуы сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты екені белгілі. Сол үшін де Мемлекет басшысы жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде Үкіметке арнайы тапсырма берді. Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек екенін атап өтті. Сондықтан біздің облысымызда ветеринариялық қызметтің жағдайын, ветеринарлық қызмет көрсетудің сапасын анықтау мақсатында облыс депутаттары мен құзырлы мекеме қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ аталған салаға зерделеу жұмысын жүргізді. Тұрақты комиссия отырысында зерделеу нәтижесі жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшылары баяндама жасады. Сол кезде көтерілген мәселелерді қазір сессияның күн тәртібіне шығарып отырмыз», – деді Махметғали Сарыбеков.

    Жиын барысында күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе, яғни облыста ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және жан-жануарлар арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Махмутжан Қожабеков, облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Фарида Жүнісова баяндама жасаса, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев жарыссөзге шықты. Мінберден сөз алған баяндамашылар мен халық қалаулылары салада атқарылған шаруалармен қоса, қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюды бәсекелестік ортаға беру, ветеринария саласы қызметкерлерінің тозығы жеткен автокөліктерін жаңалау, ветеринариялық стансаларды ғимаратпен қамту, сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру секілді тағы да басқа бірқатар мәселелерді көтерді.

    Ал облыстық мәслихаттың депутаты Ерқанат Манжуов малдың жүні мен тері құнсыз болғандықтан, кез келген жерде шашылып жататынын, оның түрлі ауру тудырушы ошақ көзі болып табылатынын мәселе етіп көтеріп, осы және өзге де мәселеге қатысты өз ұсынысын білдірді.

    Өз кезегінде сөз алған Бердібек Сапарбаев көтерілген мәселелерге қатысты өз пікірін білдіріп, кейбір мәселенің шешілу жолдарына тоқталып өтті.

    Жиын соңында күн тәртібіне шығарылған бұдан бөлек жиырма шақты мәселе бойынша қабылданған шешім жобасы халық қалаулылары тарапынан бір ауыздан мақұлданды.

    қатысты посттар

    Шымкент: жануарлар қалдықтарын залалсыздандыруға арналған нысан пайдалануға берілді

    Фариза

    Шымкен әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

    Фариза

    Қызылорда облысында 7 типтік мал қорымы салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.