19 C
Алматы
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар Қоғам

    Студенттер “қаңғырып” жүр: “Студенттік баспана” бағдарламасына бөлінген қаражат қалай игерілді?

    Студенттік ортада «жатақханада тұрма­саң, оқыдым деме» деген қағида қалыптасқан. Студенттер жа­тақханасы – алыс ауылдардан келген түбіт мұрт боз­балалар мен ботагөз бойжеткендерді әлеуметтендіретін орын. Осы жерде олар бейтаныс жандармен танысып-біліседі, мінез-құлығын қалыптастырып, шыңдайды. Өкінішке қарай, елімізде сту­денттерге жатақхана жетпейді. Және бұл мәселе бүгінгі жастардың негізгі бас ауруына айналған.

    Қазақстанда жастардың елеулі бө­лігі – студенттер. Бүгінде елдегі 120-дан аса жоғары оқу орны мен 795 кә­сіптік білім беру мекемесінде 1,1 млн-ға жуық студент білім алып жа­тыр. Олардың 175 мыңы ғана жатақханамен қамта­масыз етілген. Ал үлкен қала­ларға білім мен ғылым іздеп келген 80 мыңнан астам студент жатақханаға мұқ­таж.

    Егер мемлекет ертеңгі ел эконо­микасын көте­ре­тін, қо­ғам­дық өмір­ге белсене ара­ла­сатын жас қауымға қолайлы жағ­­дай жа­самаса, олар­дың алаң­сыз са­па­лы білім алып шығуы да қиынға түседі.

    Аталған мәселені шешу мақ­са­тында 2018 жылдың наурыз айында Елбасы «Бес әлеу­мет­тік бас­тама» атты халыққа үндеуі жария­лады. Әлеуметтік бас­таманың үшінші бағыты жоғары білім алу­дың қолже­тімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жас­тардың жа­тақханадағы жағдайын жақ­сарту­ды көздейді.

    Бағдарлама аясында Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылдың соңына дейін сту­дент­терге арнап 75 мың орындық 184 жаңа жатақ­хана салу тапсы­рылған. Жо­баны жүзеге асыру үшін мем­лекеттік бюд­жет есе­бінен 118 млрд теңге қар­жы қа­расты­рылған. Енді осы әлеуметтік бастама жос­парға сай жүзеге асатын болса, жатақ­ха­­наға мұқтаж сту­денттердің 85%-ы орын­мен қам­­тамасыз еті­лер еді.

    Жатақхана «жыры» қай кезге дейін жалғаспақ?

    Аймақтарға келетін болсақ, бас­тама әркелкі жүзеге асуда. Әсі­ресе, Нұр-Сұлтан (17,2 мың) мен Алматы қалаларындағы (31,1 мың) баспанаға мұқтаж сту­денттердің жартысынан астамы үйсіз-күйсіз, әркім өзінше күн көруге мәжбүр. Жауынды күні айдаладағы жалғыз бұтаны ық­тасын көріп паналайтын тор­ғайдай күй кешкен оларға жер-жерден жеткілікті қылып студент­тер үйін соғып берсе, бұл ел бола­ша­ғының алдында да үлкен абы­ройлы іс болар еді.

    Жатақхана тұр­ғызу мәселесі ірі қалаларда ғана емес, аймақтарда да мәз болып тұр­ған жоқ. Сондықтан мем­­ле­кет­тік бағдарламаны сапалы орын­дау бү­гінгі күннің көкейтесті пробле­маларының біріне айналып отыр.

    Мысалы, Алматы қаласында 2021 жылдың соңына дейін 20 мың орындық 38 жатақхана құрылысы аяқталуы қажет. Бірақ бүгінде соның 7,5%-ы ғана орын­далып, 1,5 мың орыннан тұратын 5 жа­тақхана салынды. Оңтүстік мега­полисте биыл 1700 студентке ар­налған тағы 2 жатақхана салу жұ­мыстары басталған. Бірақ қал­ған 17 мың студенттік орынды қам­титын жатақханалар құрылы­сы­ның мәселесі әлі шешілген жоқ.

    Егер жатақхана салу ісі дәл осылай баяу жүретін болса, онда аталған бағдарламаның межелі мерзім ішінде орындалмай қалу қаупі үлкен.

    Атап өтейік, студент жас­тар­дың тұрмыс жағдайын жақ­сарту үшін 2020 жылы 20 мың орынға арналған 75 жатақхана салынды. Биыл 25 мың орынды қамтитын нысан құрылысы жос­парланған. Қазіргі кезде рес­пуб­лика бойынша жалпы жиын­тық сыйымдылығы 18 469  орын­дық бірқатар жатақ­хананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ке­лер жылғы жоспар – 30 мың орын.

    «Болашақ – жастардың қолында» деп ұрандатып жатамыз. Жастардың бір бөлігі бүгінгі студенттер емес пе?! Ал бүгінгі студенттің басты мақсаты – сапалы білім алу. Ата-ананың басты арманы  баласының білімді, білікті азамат атануы. Cтуденттің алаңсыз білім алуы үшін оның жататын орынмен, яғни жатақханамен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Жыл сайын күз мезгілі, жаңа оқу жылы басталғаннан, студент үшін жанды ауыртар мәселе – жатақхана «жыры» басталады. Тіпті, қарашаның қара суығы басталып кетсе де, жатақханадан орын табылып қала ма деп үміттеніп жүргендер әлі де бар. «Елімізде «Студенттік баспана» бағдарламасы бар, оған бөлінген қаржы игеріліп жатыр ма, жатақхана мәселесі шешімін қалай табуда? Белгісіз! Ақшаны қалталарына басып, жастарды қаңғыртып қойған шенеуніктердің кесірі айналып кеп білім саласына зиянын тигізуде.

    Жатақханадағы бөлмелер 3 адамға арналған. Бес қызға бір шкаф, бір тумбочка. Төменде кір жуатын машина бір жерде, шлангісі бір жерде жатыр. Кір жаятын бөлмеде қатар-қатар қойылған кір жайғыштар. Әр бөлмедегілер өздері үшін сатып алыпты. Жуған киімдері кепкен соң, әркім өз бөлмесіне қояды. Артық-ауыс киімдерін сөмкеге салады, кір жаятын затты бөлмеге қояды, аяқ алып жүргісіз жерде санитарлық тазалық қайдан сақталсын?..

    Жатақханадан орын жетпегендер амалдың жоқтығынан бірігіп пәтер жалдайды. Елімізде пәтерақы да анау айтқандай арзан емес. Қазір Алматы мен Астанада 1 бөлмелелі пәтердің өзі 100 мыңнан басталады. Бұл бір үйдің еркесі үшін дым да болмауы мүмкін, бірақ көпбалалы отбасылар балаларына ондай ақшаны қайдан тауып береді?

    Пәтердің аты – пәтер. Жатақханадағыдай қатал тәр­тіп жоқ. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмағандықтан, не істесе де өз еркі. Бір-біріне еліктеу басым. Темекі шегу, қазір сәнге айналған кальян осының бәрі психологиялық тұрғыдан студентті аздырады. Өз-өзіне есеп бере алмай, өзімбілемдікке салынып, опық жеген жастар да аз емес. Бірі пәтерақыны төлеймін деп күндіз-түні тынбастан жұмыс істеп, денсаулығынан айырылса, енді бірі достарына еріп, жеңіл табыс көзін қуып, ұрлық-қарлық, бұзақылық жасап, оның арты жанжал-төбелес, тіпті ауыр қылмысқа  ұрындыруы мүмкін. Ақыр аяғында не оқу, не жұмыс жоқ, бүкіл өмірі, тағдыры басқа арнаға өзгереді. Жастар – еліміздің болашағы, сондықтан “қарны қампиған” шенеуніктерге бір мезгіл ойланып, бюджеттегі ақшаны “жымқыруды” қою керек!

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Фариза

    Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

    Фариза

    Танымал жазушы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.