11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Түріктер сияқты қолын сүйіп, құрмет көрсеттім»: Сүлейменшілер жамағатында болған қазақ қызы жайлы

    Елордалық Айдана есімді бойжеткен бұрынғы күйеуімен былтыр  желі арқылы танысқанын айтты. Қазақ жігіті ол уақытта Түркия елінде білім алып жүрген. Алайда елге келген соң, екі жас бірден некеcін қидырған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Несесін қидырып, шаңырақ көтергеннен кейін отағасы жарына жат жамағаттың насихатын жүргізіп, қатарына қосуды көздеген. Нақтырақ айтқанда, жігіт түп тамыры Түркия елінен шыққан «Сүлейменшілер» діни тобының өмір сүру салтын ұстанған. Осылайша ол өз әйеліне «рабтаны» қабылдауды бұйырған. Көпшілік бұрын-соңды естімеген бейтаныс ұғымды ҚМДБ өкілі сопылық  ілімінде қолданылатын әдістердің бірі деп түсіндірді.

    Айдананың айтуынша, олар зікір жасап отырып, Сүлейменшілер жамағатының негізін салушы ұстаздарымен тілдеседі екен. Мұны теріс деп түсінген келіншек, бұл жамағатқа қосылуға қарсылық танытқан. Өзге елдің діні мен салтын ұстанған қазақ азаматы әйеліне тіпті түріктер сынды қолын сүйгізуді де үйреткен.

    Көп ұзамай, Айдана аяғы ауыр екенін білгеннен кейін қуанышты хабарды жолдасына бірден жеткізген. Алайда, жат жамағаттың жетегінде жүрген жігіт көп ұзамай әйелін құрсақтағы баласымен тастап қашып кеткен.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Фариза

    Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

    Фариза

    Қыздарымыз үшін қорқамыз – ауған қазақтарының үндеуі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.