19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

    Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін созылған болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жедел-тергеу тобының (ЖТТ) басшысы Хасановтың күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу уақытын екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзарту туралы өтінішхаты қаралды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Біз күдіктінің мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңіне ұзарту туралы өтінішхатты қарап отырмыз. 7 шілде күні тергеу аяқталды, қазір танысу кезеңінде. Қылмыстық іс 133 томнан тұрады, заттай дәлел және өзге де материалдар бар. Қазір Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекте аяқталады, ал тергеу қорытындысы бойынша іспен толық танысуды аяқтау мүмкін емес. Осыған байланысты ЖТТ органының Біртановқа үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 қарашасына дейін екі айға ұзартуды және қанағаттандыруды сұраймын», – деді прокурор Төлеген Жараспаев.

    Кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Талғат Ақшабаев былай деді:

    «Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу мерзімін екі айға ұзарту туралы қолдаухат қанағаттандырылсын. Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу мерзімі екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасын қоса алғандағы 21 сағат 56 минут уақытқа дейін ұзартылсын. Қаулыға шағым жасалуы мүмкін, ол жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде өтініш бойынша қайта қаралады».

    Айта кетейік, Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған.

    2020 жылдың 3 қарашасында экс-министрге қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

    2020 жылдың 7 қарашасында төрт айға үйқамаққа алынды;

    2021 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты;

    2021 жылдың 6 мамырында сот Елжан Біртановтың үйқамақ уақытын 14 маусымға дейін созды;

    2021 жылдың 9 маусымында Біртановтың үйқамақ уақыты 14 шілдеге дейін созылды;

    2021 жылдың 14 шілдесінде сот экс-министрдің үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты.

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    Алматыда 3 айлық нәрестеге туған әкесі зорлық көрсеткен

    Фариза

    Жұртты балағаттап «танымал» болған педагог әлі қызметінен босатылмаған болып шықты

    Фариза

    Ақтауда 15 жастағы қыз бен жігіт үйленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.