11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Одан да жаманы бола ма?”: Абайдағы зорланған баланың адвокаты оған көмектескені үшін өкінеді

    Атышулы Абай ауылында зорланған баланың оқиғасынан кейін Түркістан облысының мектептерінде тексеріс жүргізіліп, бірқатар тұлғалар жауапқа тартылғанмен, №74 орта мектебінің директоры Б.Селтанова жұмысынан шығарылмаған, тек шеттетілген. Неге? Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты тың ақпаратты баланың заңды өкілі Бауыржан Азанов Qazweek.kz ақпарат агенттігіне баяндап берді.

    Qazweek.kz:

    — Бауыржан Әскербекұлы, сіз Facebook-тағы парақшаңызда баланың заңды өкілі болғаным үшін өкінемін деп жазыпсыз. Баланың анасы сіздің көмегіңізден бас тартқан екен, оның себебі неде?

    Бауыржан Азанов, құқық қорғаушы:

    — Иә, бұл сұмдық оқиға көпшілікке таралып, түрлі пікір тудырғаны рас. Оқиға басталғаннан бері, сараптаманың ешнәрсе көрсетпегені және басқалары туралы жазыла бастағанда, “мен” болып жатқандарды бақылауға алдым. Әсіресе, мені құқық қорғаушылар мен адвокаттардың бұл іске қалай қарайтыны қызықтырды, бірақ ешқандай реакция болмады. Баланы қорғауға “кіріскен” адвокаттарды көрген жоқпын. Сол кезде мен бұл істі өз қарауыма алу туралы шешімге келдім. Бірақ уақыт өте келе, баланың анасы менің “ақысыз қызметімнен” бас тартты. Оның себебін баланың анасы өзі де білмеген сыңайлы. “Өзіңіз түсінесіз” ғой деп мені шығарып салғаны әлі есімде.

    Qazweek.kz:

    — Оларды сіз жалғыз қорғадыңыз ба, әлде тағы біреулер болды ма?

    Бауыржан Азанов, құқық қорғаушы:

    — Адвокат мәртебесінде менен басқа ешкім жоқ. Қалғандары – сенімхат негізінде бала әжесінің мүддесін білдірушілер. Олар іске қалай араласты дейсіз бе? Поездан түсіріп алу оқиғасы басталғанда, ол жақта не болғанын білесіз бе? Әрине оны ешкім білмейді! Кешегі Village порталына шыққан мақалада өзін “қорғаушымын” деген мырза, негізінде “куәгер” болып табылады.

    Qazweek.kz:

    — Сізге жүгінген әрбір жанның тағдырын жазбаңызда бөлісіп отырасыз. Соның ішінде сізге қатты әсер еткені қайсы?

    Бауыржан Азанов, құқық қорғаушы:

    — Әрбір жағдай өзіме ауыр. Себебі, «ең өрескел оқиға» деп отырғанымда одан өткен сорақысы алдыма келіп тұрады. Шынын айтсам, «одан да жаманы бола ма?» деген үрей пайда болды.  Соңғы жылдың жаға ұстатары – осы 7 жасар баланың тағдыры болды.

    Бауыржан Азановтың Qazweek.kz ақпарат агенттігініне берілген эксклюзивті сұқбатында, адвокатқа қарсы ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімінің 3-бөлімшесіне сәйкес, Түркістан облысында өзінен үлкен сыныпта оқитын балалардың тарапынан бірнеше мәрте зорлық көрді деген 7 жасар балаға қатысты жазып әрі сұхбат бергені үшін айып тағылыпты.

    Айта кетерлігі, Бауыржан Азанов зардап шегуші баланы тегін қорғадыр. Айтуынша, баланың құқығын қорғау үшін әрі-бергі жол ақысын да өз қалтасынан шығарған.

    «Мұның бәрін мен тек баланың мүддесі үшін жасадым. Кінәлілерді тауып, соттың алдына жетелеп апарғым келеді. Бар болғаны сол. Өзі ісіммен айналыстым, өзгесіне бас сұқпадым. Сонда қалай, адамдарға жасаған жақсылығың өзіңе жамандық әкеледі ме? Әлде бізге сеніп отырған адамдарды толық қорғай алмаймыз ба? Әйтеуір бір күні айыпталады екенмін деп ешкімді қорғамайық па? Адвокаттық қызметке гарантия бар ма бұл қоғамда?», – деп ашынды Бауыржан Азанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

    Ал қоғам белсенділері зардап шеккен қазақстандықты, оның үстіне кішкентай баланың құқығын мемлекеттен де, қорғалушы тараптан да бір тиын алмай қорғап жүрген адвокатқа заң тиіспеу керек деп санайды.

    «Азғындаған заманда жеті жасар баланы қорлаушылар емес қорғаушылардың артына шырақ алып түседі. Зорланды деген жеті жасар сарыағаштық баланы алғаш рет өтемақысыз қорғаушы адвокат Бауыржан Азановтың үстінен іс қозғалыпты. Оу, ағайын, бұл неткен сұмдық! Зорланған баланың ақысы кетті. Енді оны қорғаушысының өзіне іс қозғалуда», – деп жазған Бауыржан Жақсыбаев өз пікірін білдірген.

    Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тарады. Qazweek.kz ақпараттық агенттігі бұл оқиғаны да жариялаған болатын.

    Қазір зорлық құрбаны болған бала 10 жаста. Ал 2017 жылы жасы 7-де еді. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған болатын. 

    Оны зорлаған 7-8 сынып оқушылары баланы жасырынғанына қарамастан дәретханада күтіп, арам ойларын жүзеге асырып жүрген. Нәтижесінде бала мектепке баруын мүлдем тоқтатты. 

    “Бұл жағдай алты айға созылды. Мен қанша рет ол жігіттің анасына, мектеп директорына, мұғалімдердерге барып, зорлық-зомбылықты тоқтатуға көмектесулерін, шара қабылдауларын өтіндім. Тіпті, болмаған соң полицияға, әкімдікке, прокуратураға жүгіндім. Бірақ менің сөзімді ешкім құлағына ілмеді. Ана балалар немеремді ұрып-соғып, зорлық әрекеттерін жалғастыра берді”, — дейді баланың әжесі. 

    “Жеті жасар бала оқыған мектептің директоры бұрынғы белгілі аудан депутаты, марқұм Селтановтың келіні – Бейбіткүл Селтанова болды. Ал оның ұлы Бауыржан облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы. Селтановтың өзі аудандық мәслихаттың депутаты болған. Оқиға осындай беделді адамдармен байланысты болғандықтан, барлығы оқиғаны жасырып қалуға тырысты”, – журналист Амангелді Батырбеков.

    Отбасына қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан лауазымды тұлғалар жазасыз қалды. Тіпті жұмыстан шеттетілген мектеп директоры бірнеше айдан кейін қызметіне қайта оралған. Барлығы үшін небәрі 900 000 теңге көлемінде өтемақы төлеген.

    Үш күдіктіге қатысты іс олардың 14 жасқа толмауына байланысты тоқтатылды. Олардың біреуі ғана сотталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

    Зәбір көрген баланың әжесінің айтуынша, сотталушының анасы оған әлі күнге дейін қолына балтасын ұстап келіп, қауіп төндіретін көрінеді.

    “Біресе балтамен, біресе пышақпен келеді. Ұлын түрмеге отырғыздық деп бізді қарғайды. Кеше ғана келіп кеткен. Бірақ полиция оған ештеңе істей алмайды. Не істей алады? Немерем мүлдем сыртқа шықпайды. Телеарналар оның бет-әлпеті мен шын есімін көрсетіп тастаған соң, бәрі саусағын шошайтып күледі“, – дейді баланың әжесі.

    Қарт әже қызының Алматыда жалдамалы бөлме таба алмай жүргенін айтады. 

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

    “Бала анасымен бірге осы жылдар бойы Алматыда тұрады. Бізге бұл белгілі жайт. Өйткені олар қор еріктісі тегін беретін пәтерде тұрады. Әлі күнге дейін көшпеді. Бала мектепте оқып жүр. Денсаулығы жақсы, анасы жұмыс істейді. Біздің қор баланың психологпен жұмыс жасауы үшін ақша төлейді. Бүгін баланың анасымен сөйлестім. Қазір Алматыда. Демалыста екеуі әжесіне қонаққа барған. Ол анасынан сұқбат алынып, мақала жазылғаны туралы ештеңе білмейді”, – дейді ол. 

    Саин баланың анасы болған оқиғаға қатты қапалы болғанын айтады. Әйел қорқынышты оқиғаны ұмытуға тырысып жүрген көрінеді. 

    Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі уәкіл заңгерлердің зорлық-зомбылық фактісі туралы үндемеуді шешкен шенеуніктерді жауапқа тартуға тырысқанын жеткізді. Бірақ өтініштер еш нәтиже бермеген. 

    Педофилдер тайраңдаған, адвокаттар істі болған заман-ай…Елімізде күннен күнге зорлық-зомбылық көбейіп тұр. Оның бәрі бірдей тіркеліп, сотқа жетіп, қаралып жатқаны да саусақпен санарлық. Бірақ іштегі зарын тарқатып, бас сауғалап, өзгеден көмек күтетін жандар жетіп артылады. Солардың үнін тыңдап, сөзіне құлақ асып, септігін тигізуге атсалысып жүрген адвокаттардың сотталуы ақылға қонымсыз! Бәрінен бұрын жасалып жатқан қылмыстар күннен күнге түрленіп, күрделеніп, тіпті жан шошытарлық деңгейге жеткені өте өкінішті!

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп келеді

    Фариза

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба қаржыландырылды

    Фариза

    Қызылорда облысы Нұр-Сұлтанға 100 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.