15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Балаларды “ақымақ маймылдар” деп атаған мұғаліміге қатаң сөгіс жарияланды

    Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды “ақымақ маймылдар” деп атаған №6 орта мектептің мұғаліміне қатаң сөгіс жариялады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Басқарма мәліметінше, этикаға жат мінез-құлық жасаған мұғалім білім беру жүйесінде 20 жылдан аса, ал №6 мектепте үш жылға жуық жұмыс істеп келеді. Ол 8 “В” сынып оқушыларын қорлап, ақымақ маймылдар деп атаған.

    “Ішкі тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша, мұғалімге қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, жағдайды шешу үшін мектеп әкімшілігі ата-ана жиналысын өткізеді”, – деді Шахтинск қаласының білім бөлімі қызметкерлері.

    Жиналысқа мұғалімдер мен оқушылардың ата-анасы, сонымен қатар Педагогикалық этика кеңесінің мүшелері қатысады. Мұғалім оқиғаның себептерін түсіндіреді және этикаға жат қылықтары үшін кешірім сұрайды, деп хабарлады ведомство.

    “Педагогикалық этика нормаларын сақтау және Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымында осындай жағдайлардың алдын алу үшін педагогикалық этика ережелерін сақтау мәселесін қарау үшін тұрақты отырыстар өткізіледі”, – деді департамент өкілі.

    Айта кетейік, бұған дейін Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды ақымақ маймыл деп атағаны хабарланған болатын. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратқан.

    қатысты посттар

    Оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, директор кетеді – министр

    Фариза

    Жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді

    Фариза

    Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма – бас санитарлық дәрігер жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.