19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    «Пәтер алып беремін»: түркістандықтарды 15 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

    Түркістан полицейлері тұрғындарға пәтер алып беремін деп 15 миллион теңге шығын келтірген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Арызданушының айтуынша, бұрын-соңды таныс емес ер адам Шымкент қаласынан үй алып беремін деп 2 500 000 теңгесін қолма-қол бергенін, алайда арадағы уәде орындалмағанын жеткізген. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады.

    Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Осыдан соң сақшылар күдіктіні табуға бағытталған жұмыстардың барлығын атқарды. Осылайша тәртіп сақшыларының атқарған жедел шаралары нәтижесінде, бір тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтық жайтына қатысы бар азамат болып шықты. Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ер азамат өз арам ойын іске асыру үшін Кентау қаласының тұрғынын жолықтырып, Шымкент қаласынан үй алып беремін деген жалған уәдесімен сеніміне кіріп, ақшасын алып алады. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 1 жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Сондай-ақ кентаулық полицейлер күдікті азаматтың 13 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни күдікті азамат оларға да үй алып беремін деп, өтірік сөзге сендірген. Бұл ретте жәбірленуші тұрғындар өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді. 

    Қазіргі уақытта орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    «Тіл тигізгендер заң алдында жауап береді». Қабатовтың жұбайы қызына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Алматы қаласының жедел жәрдем басшысы қызметкерлеріне қысым көрсетіп, оларды бір-біріне айдап салуда

    Фариза

    203 млн теңге: Маңғыстауда күдіктілер қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.