16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Тәліптер шын мәнінде байсалды позиция ұстанатынын дәлелдейді деп үміттенемін – Тоқаев

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде Ауғанстандағы ахуалға қатысты қабылдаған шешімдеріне тоқталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ауғанстандағы күрделі дағдарыс жағдайында Қазақстанның прагматикалық сыртқы саясаты маңызды болып отыр. Соғыстан тоз-тозы шыққан бұл елмен ортақ шекарамыз болмаса да, Алматы мен Кабулдың арасы ұшақпен бір-ақ сағаттық жер.

    Мен ТМД, Еуропалық Одақ және Таяу Шығыстағы әріптестеріммен тығыз байланыста отырмын.

    Егер осындай ниет білдіретін болса, сіздердің мемлекеттеріңіз бен үкіметтеріңіздің басшыларымен ой-пікір алмасуға әрқашан дайынмын», – деп жазды Президент.

    Мемлекет басшысы Ауғанстан билігіне келген тәліптердің шын мәнінде байсалды позиция ұстанатынын дәлелдейді деп үміттенетінін айтты.

    «Әзірге Ауғанстандағы дүрбелең өңірлік қауіпсіздік проблемаларына назар аудартып тұр. Қазақстан зорлық-зомбылықтың, заңсыз есірткі айналымының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшіп кетудің алдын алу мақсатында сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастық орнатуға дайын.

    Тәліптер біртұтас, инклюзивті және өкілетті ұлттық үкімет қалыптастырып, өздерінің, шын мәнінде, байсалды позиция ұстанатынын және келіссөздерге бейілді екенін дәлелдейді деп үміттенемін», – дейді Тоқаев.

    ҚР Президенті Ауғанстанда қалыптасқан гуманитарлық қиыншылықтарды шешу үшін байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

    «Қазақстан Ауғанстанның өз ішінде және көршілерімен тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүретін тұрақты, егемен және біртұтас мемлекет болғанын қалайды. Біз елде қалыптасқан гуманитарлық қиыншылықтарды шешу үшін конструктивті іскерлік байланыстар орнатуға дайынбыз. Халықаралық қоғамдастық Ауғанстанды қазіргідей дағдарыс кезінде қиыншылықтармен бетпе бет қалдырмауы керек. Керісінше, біз болашақта Ауғанстанның экономикалық және орнықты дамуы үшін барлық іс-әрекеттеріміз бен жоспарларымызды жұмылдыруымыз керек», – деді ол.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Түркістан облысында ер азамат әйелі мен баласын пышақтап тастады

    Шымкенттегі үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    100 жылда бұлттар жойылады. Ғалымдар дабыл қағуда

    Пікір қалдыру

    sixteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.