15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Арыс, Тараз, ендігі кезек Ақтөбеде ме? Ақжар ауылының тұрғындары “жұмбақ қоймадан” қорқуда

    Ақтөбенің іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары үрейде отыр. Ұйқысын қашырғаны – үйдің тап іргесіндегі қойма. Тұрғындар бұрын жарылғыш заттар сақталған нысанды құзырлы органдар тексеріп берсін деп талап етуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Қаланың қасындағы Ақжар елді мекененіне жер телімдері 2012 жылы беріле бастаған. Өзіне тиесілі он сотық жерін алған тұрғындар жаппай үй салған. Бірақ, іргедегі қоршаулы аймақ көптен бері көңілдерін күпті етіпе жүр екен. Нысан туралы ақпаратты аз. Тек ұзынқұлақтан естігендерін айтады.

    – Мына “Взрывпромның” ішінде не бар, не жоғын білмейміз. Жаңа айтып жатыр ғой, машинамен кіріп-шығып жатыр деп. Көшіре ме, басқа қыла ма, Үкімет жағы қарайды оны, – дейді Ақжар ауылының тұрғыны Ғани Дәрібаев.

    20-ғасырдың 60-жылдары “Взрывпром” деп аталатын мекеменің қоймасы болғанын байырғы тұрғындар да растады. Елді елең-алаң қылып отырғаны жұмбақ қойманың ішінде сақталатын зат болып тұр. Жарылғыш зат болса, не істейміз деген сұрақ мазалайды.

    Жәрдем Қазтуғанов, Ақжар ауылының тұрғыны:

    Бұрыннан қалған жарылғыш заттар болуы мүмкін ішінде. Тротиловый нелер болса, соны өзі жетеді. Ол срогы келгеннен кейін өзінен өзі оталып, атылады. Құзырлы органдар келіп тексеріп, қарап ішінде не бар, не жоқ екенін. Біздер содан қорқып отырмыз қазір, үрейдеміз бәріміз. Арыста болған, Таразда болған нәрсе қайталанса, санымызды соғым қаламыз!

    Нысанға адам баласын жолатпайды.Тікенек сымдармен қоршап қойған. Қаруланған арнайы мамандар күзетіп тұр. Олар қоймада не сақталатынын айта алмаймыз деді.

    “Казпромгеофизика” мен ауылдың арасы таяқ тастам жер, шамамен 200 метрдей. Тұрғындар қойманың ішінде не сақталатынын өздері де білмейді. Алайда, аумақтың қоршауына, белгілеріне қарап қауіпті екенін айтып отыр.

    Халықтың қорқынышын тудырған қоймада не сақталғанын өнеркәсіптік қауіпсіздік мекемесіндегілер айтып берді. Қойма маңындағы жер телімдерін үлестіріліп жатқанда ол маңда тұрғын үй салу қисынсыз екенін ескертіп айттық деп отыр. Содан бері бұл мәсле өзектілігін жоймаған. Жауапты маманнан жарылыс қаупі бар ма деп төтесін сұрадық.

    Самат Тәждәулетов, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

    Тфу-тфу-тфу, по крайней мере, не должно. 3 қоймадан қазір тек біреуі қалды. Ол негізінен мұнай бұрғылау, өндіру ұңғыларын ату үшін қолданатын жарылғыш заттарға арналған. Шахтада қолданатын жарылғыш зат емес, дәлірек айтқанда, материалдар дейміз. Оның 90 пайызы темір. Тротил жоқ құрамында.

    Самат Тәждәулетов айтарлықтай қауіп жоқ деп сендірді. Маманның есебінше, қойманың сыйымдылығы – 2,5 тонна. Ол да 100 пайыз толық емес деп отыр.Жылына бір мәрте тексеріс жасайды екен. Соңғы рет тексергенде өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін бұзу жағдайлары анықталмағанын айтты. Ал қойманы көшіру не көшірмеу мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр.

    қатысты посттар

    Белгілі вайнер әрі КВН ойыншысы Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

    Фариза

    Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алды

    Фариза

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.