14 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Дәурен Абаев Жириновскийдің мәлімдемесіне жауап берді

    Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық ұлтшылдарды Ауғанстан билігіне келген «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы өкілдерімен салыстырған ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    «Біз Жириновскийдің Қазақстан туралы жария мәлімдемесіне мән беруді баяғыдан тоқтатуымыз керек. Тек шоу, саясат туралы дәнеңе де жоқ. Әрине, сайлау алдында сайлаушылардан ұпай жинауға тырысады. Оны қарындашпен емес, қолға попкорн алып тыңдау керек», – деді Абаев.

    Қазақстандық саясаткер тіл және этносаралық қатынас турасында өз ойын айтты.

    «Тіл мәселесіндегі және этносаралық қатынастар мәселесіндегі саясатқа келетін болсақ, Президент кеше жолдауында осы тақырыпта барлық сұраққа жауап берді, – деді Дәурен Абаев.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Назарбаев Nur Otan съезінде көзіне жас алды (видео)

    Тоқаевтың Надеждасы жоқ…

    Асель

    “Банктер біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді” – Владимир Божко

    Пікір қалдыру

    4 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.