10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ауғанстанда құқығын сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты

    Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, ел билігіне жаңадан келген «Талибан» қозғалысының басшылығынан (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Митингке шыққан әйелдердің лидері Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкімет құруға атсалысуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, елдің соңғы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне ауған әйелдері айтарлықтай үлесін қосып, құрбандыққа көп барған.

    «Бізді әлем естісе дейміз, өз құқығымызды сақтағымыз келеді», – деді митингті ұйымдастырған Фрибе Кабрзани.

    Оның айтуынша, әйелдердің көбі өлтіреді деп қорыққаннан наразылыққа шықпаған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Ресей АЭС-ті Өзбекстанда салатын болды

    “100 миллионнан асады”: Арыс тұрғыны шығынын өтеуді талап етуде

    “Денесінің 90%-ы күйіп қалған…” – жас жігіт ғашығын қызғаныштан өртеп жіберді

    Пікір қалдыру

    nineteen + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.