15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда жас жігіт дәріхана сатушысының тамағына пышақ тақап, кассадан ақша ұрлаған

    Нұр-Сұлтанда жас жігіт дәріхана сатушысының тамағына пышақ тақап, кассадан ақша ұрлаған, деп хабарлайды Qazweeek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Сағат 22:30-да 102 нөміріне қарақшылық шабуыл фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.
    Телефон шалған әйел Б. Момышұлы даңғылындағы дәріханада белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, кассадан 30 мың теңге ақша ұрлап кеткенін айтады. 

    «Тергеу барысында кешкі сағат он шамасында дәріханаға медициналық маскадағы белгісіз ер адам келіп, дәрі-дәрмектің бар-жоғын сұрағаны анықталды.

    23 жастағы фармацевт дәріні алуға бара жатқан кезде, ер адам артынан жүгіріп келіп, пышақ тақап, кассадан ақша беруін талап еткен. Күдікті ақшаны алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Күдіктіні ұстауға полицияның жеке құрамы жұмылдырылды, – делінген хабарлмада.

    Жедел қызметкерлер дәріхана жақтан жүгіріп өткен жігіт көзіне іліккен куәгерлерді тапты. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жасырынған тұсы анықталды. Полицейлер барлық жатақхана, хостел, автосервис және өзге орындарды тексерді. Компьютер клубының бірін тексеру кезінде күдіктіге ұқсас 26 жастағы жігіт ұсталды. Одан пышақ пен ақша табылған. Ер адам кінәсін мойындады.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

    23-29 тамыз күндері аралығында елорда аумағында «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шараның бір күнінде елорда аумағында 25 қылмыс ашылды, соның ішінде 18-і сол күні ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды, іздеуде болған 4 қылмыскер ұсталды. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 480 тұлға тексерілген.

    қатысты посттар

    12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрауда

    Фариза

    Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды

    Фариза

    “Митингіге шығып “Шал кетсін” дейтіндей, шал менің үйімде жатқан жоқ!”

    Пікір қалдыру

    2 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.