12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Мәдениет және шоу-бизнес

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ


    Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 10 тамыз ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлы күніне арналған онлайн концерт өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    «Абайдан аманат» тақырыбында өткен концерт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ілгерілету, халқымыздың ұлы перзентінің туған күнін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, онлайн атап өту, шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, мақсатында жүзеге асты.


    Онлайн концертте филармонияның әртістері «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жазғытұры», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Пайда ойлама, ар ойла», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Қажымас дос халықта жоқ», «Сегіз аяқ», «Есіңде бар ма жас күнің?», «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» өлеңдерінің ақынның өлеңдерінен музыкалық композиция қойды.


    Сонымен қатар, «Торжорға» күйі, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», А.Жұбанов, Л.Хамеди Абай операсынан «Ажардың ариясы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде ату қалғып», «Е.Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» әндері орындалды.


    Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері шақыртылып, облыстық филармонияның және басқарманың facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирмен көрсетілді.
    Айта кетейік, өткен жылы Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді.
    Сондай-ақ, 10 тамыз – Абай күніне орай оқырмандарды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру, халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін насихаттау мақсатында «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби дефиле өткізілді.


    Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен іс-шара барысында оқырмандар Абай Құнанбаевтың өмірбаяны жайында бейнебаян тамашалап, өлең шумақтарынан, қара сөздерінен үзінді оқыды. Сондай-ақ, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалып, «Абай мұрасы – халық ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
     

    қатысты посттар

    Өскемендік оқушы бесік жырын айтатын «Smart бесік» ойлап тапты

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ “ЭКО-САНА” СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    Фариза

    Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.