12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Экономика

    Шуда 7 553 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген

    Жамбыл облысы  Шу ауданында ағымдағы жылға бекітіліп берілген су үнемдеу технологияларын енгізу индикаторлық көрсеткіштердің барлығы толықтай орындалған. Бүгінгі күнге жалпы 7 553 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізілген. Оның ішінде 5 792 гектар тамшылатып суару, 1 761 гектар жаңбырлатып суару тәсілімен ылғалдандырылады.
    2016-2018 жылдары аралығында аудан аумағында барлығы 80 канал республикалық меншікке өткізілген. Барлығының техникалық жағдайлары ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мақсатта яғни каналдарды қалпына келтіру мақсатында «ПУИД-2» бағдарламасы аясында «Оң жағалау» магистральды каналынан бастау алатын, барлығының жалпы суармалы жер көлемі 5 863 га құрайтын 12 тармақтарын және 2 коллекторын («Ленин-1», «Ленин-2», «Красная Весна-1, «Красная Весна-2», «Поселковый», «Андреевка», «Госфонд», «Киров-1», «Подхоз», «Ақтөбе», «Огородный», «Қалығұл», коллектор «К-1», коллектор «К-2») қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
    Сонымен қатар, «Шу-Талас бассейндік» су шаруашылығы басқармасының бекіткен кестесі және «Қазсушар» РМК ЖФ бекіткен су беру жоспарына сәйкес беріледі.
    
    
    
    
    
    
    
     «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесіне қарасты үш канал бар. «Сол жағалау» магистралды каналы ұзындығы — 38,8 шақырым. «Оң жағалау» магистралды каналы ұзындығы — 48,8 шақырым. «Тасөткел» магистралды каналы ұзындығы — 52,7 шақырым. Бүгінгі күнге Тасөткел су қоймасының көлемі – 181,2 миллион текше метр, судың түсуі –7,6 текше метр, тасталынуы – 40 текше метр. Соның ішінде Мойынқұм ауданына жіберіліп жатқан су көлемі – 13,0 текше метр.
    «Тасөткел» су қоймасы Шу өзенінің бойында, Шу ауданының орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде Ақсу өзенінің Шу өзеніне қосылатын аумағында, Ескі-Шу ауылдық округінде орналасқан. Су қоймасының құрылысы 1969 жылы басталып, 1974 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Жобалық су сыйымдылығы 620,0 миллион текше метр. Сейсмикалық тұрақтылығына байланысты бүгінгі күнге рұқсат етілген су жинау көлемі – 480-500 миллион текше метрді құрайды. «Тасөткел» су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының мемлекеттік меншігінде болып табылады.
    
    
    

    қатысты посттар

    Жамбылда “Сервистік әкімдік” xалықтық жобасы құрылды

    Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті

    Фариза

    Қызылорда: Қазалылық тұрғынға 1 млн теңгенің қызметін МӘМС тегін ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.