16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Вакцина қабылдаған жамбылдықтардың саны 300 мыңға жуықтады

    2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін COVID-19 пандемиясы жалғасуда. Оны тоқтатудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитетті құру. Ол үшін халықтың кемінде 60-70% егу қажет, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы егу науқаны басталды. Барлық егулер нұсқаулыққа сәйкес 14-21-90 күн аралығымен екі рет жасалады. Вакцинация 18 жастан асқан барлық адамдарға арналған.

    Ағымдағы жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға қарсы екпенің 1 компонентімен барлығы – 292 088 адам (бұл вакцинациялауға жататын 582 мың адам санының 50,2% ), ІІ компонентімен барлығы – 210 913 тұлға (бұл вакцинациялауға жататын 582 мың адам санының 36,2%) егілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

    Басқарманың хабарлауынша, екпе алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелмеген.

    1-айналымда вакцина алғандар: 18392 – медицина қызметкерлері,​ 35425 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері, 18822 – күш құрылымының қызметкерлері, 6727 – мемлекеттік қызметкерлер, 10393 – студенттер, 569 – әлеуметтік мекеме қызметкерлері, 40333 – созылмалы аурулары бар тұлғалар және 161427 – басқалары.

    Жалпы облыс бойынша 23 МСАК ұйыдарында 43 егу пункттері бар, олардың ішінде 15 қалада, 28 аудандарда орналасқан.

    Облыста вакцинация жүргізу үшін Ресейде өндірілген «Спутник V», отандық «QazCovid-in», Қытайда өндірілген «Coronavac», «Hayat-Vax» қытай-араб вакциналары қолданылады.

    1 ақпан мен 31 шілде аралығында облысқа вакцинацияның 1 айналымына – 357 195, 2 айналымға – 287 535 доза вакцина жеткізілді. Ағымдағы жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша облыста ковидке қарсы вакциналардың қалған бөлігі: 1 компонент – 65 018 доза және 2 компонент – 76 703 доза. Барлық егу пункттері екпелермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Иммундау жұмыстары жалғасуда.

    Вакциналардың кез-келген басқа дәрі-дәрмектер сияқты жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері болады. Ауыр аллергиясы бар, жүкті және бала емізетін әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға, асқыну кезеңінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулармен ауыратын адамдарға ұсынылмайды.

    «Барлық жанама әсерлер мен асқынулар шамалы ғана болады. Салыстырмалы түрде жиі кездесетіні: дене қызуының көтерілуі, екпені енгізу орнындағы қызару, бас ауруы, тұмауға ұқсас белгілер. Осылардың барлығы өздігінен өтеді және көбінесе медициналық араласуды қажет етпейді.

    Коронавирус штамдарының көбеюі – оған қарсы екпе алудың басты себептерінің бірі болып табылады. Вакцинацияланғандардың саны неғұрлым көп болса, вирустың жаңа мутация пайда болу мүмкіндігі соғұрлым аз болады.

    Егілген адамдарда ауруханаға жату және өлім қаупі 25 есе, ал жұқтыру қаупі 8 есе төмен»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

    қатысты посттар

    “Бизнес по-Шымкентски!” Халықтың үрейі мен ажиотажды пайдаланып пайда табушылар көбейді

    Фариза

    Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

    Фариза

    Алакөлде вирус жоқ па?”: Концертке жиналған көрермен желі оқырмандарының түсінбестігін туғызды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.