11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    Таразда емханаға жаңа компьютерлік томограф аппараты алынды

    Тараз қалалық №2 емханасына контрасты тексеру жүргізуге арналған «u СТ 528 компьютерлік томограф» деп аталатын 80 кескінді жаңа құрылғысы сатып алынды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агент Бұл туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


    Ол – нарықтағы ең заманауи және көп кесімді, дәл диагноз қою үшін диагностикалау мүмкіндігі бар және радиацияның төмен дозасымен өлшенеді, сондай-ақ жоғары сапалы суреттерді тез алуға мүмкіндік береді. Тексерілетін адамның максималды салмағы 205 келіге дейін болғандықтан, кең туннель клаустрофобияны тудырмайды.


    Зерттеудің жоғары көрсеткіштігіне орай, жылдам диагностика жасай алады және орташа есеппен небәрі 2 минут уақытты алады. Сонымен бірге жоғары өнімділігі мен зерттеу нәтижесінің дәлдігі арқасында суреттерді сапалы түрде визуализациялау және деректерді мұрағаттау мүмкіндігін береді.


    Құрылғы емхананың 1-қабатында, жеке кіреберісі бар ыңғайлы жерде орнатылған. Бүгінгідей пандемия жағдайында COVID-19 алдын-алудың барлық мәселелері қарастырылған. Білікті мамандар мен жаңа заманауи құрылғының бағдарламалық жасақтамасы пациенттердің үлкен ағымымен жылдам, әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


    Мұнда №2 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Тараз қаласы мен Жамбыл облысының халқы тексеріле алады.
    Облыс тұрғындары құрылғы қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында амбулаторлық деңгейде «Даму-Мед» ақпараттық жүйесінде медициналық қызметтер тарификаторына сәйкес тегін ала алады. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханасынан аймақтық дәрігердің жолдамасы болса жеткілікті.


    Жалпы, айта кету керек, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты Covid-19–бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 1540 инфекциялық, оның ішінде 188 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.
    Емдеу алдын алу ұйымдарында коронавирусты емдеуге қажетті дәрі – дәрмектердің 2 айлық қоры бар. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулық жағдайлары тұрақты бақылауда.

    қатысты посттар

    Тәжді вирусты жұқтырмаудың жолдары қандай? Дерттің дендеуіне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамаған өзіміз кінәліміз.

    Фариза

    Жамбылдағы 26 ауылішілік және 5 аудандық жол жөнделуде

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімі жылу маусымына дайындық барысын пысықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.