15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Карантин Коронавирус

    Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

    Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирусқа байланысты жағдай күрделеніп бара жатқанын айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Пандемия басталғалы Алматы үш толқыннан өтті. Бүгінде төртінші толқынға өтіп бара жатырмыз. Төртінші толқын басталғандықтан қаладағы эпидахуал күрделеніп бара жатыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда кейінгі аптада жағдайлардың тіркелуі 1,4 есеге көбейді. Оның алдында 5 790 жағдай тіркелсе, кейінгі аптада 8 393 жағдай тіркелген”, – деді Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

    Еске салайық, бұған дейін Алматыда 30 қыркүйекке дейінгі коронавирусқа байланысты болжам жасалған болатын. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың сөзінше, негізгі болжамға сәйкес аурудың шарықтау шегі тамыздың бірінші онкүндігіне келеді.  

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Бақара сүресінен кірпік шығады, соны қайнатып ішсе, вирусқа ем болады» деген сөз қаншалықты рас?

    Фариза

    Сәкен Сейфуллиннің келіні коронавирустан қайтыс болды

    Фариза

    Талдықорғанда бір адамда коронавирус анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.