19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров қамалды

    Алматыда танымал кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды. Ақпаратты 27 шілдеде таңертең Алматы қалалық соты растады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкер екі ай мерзімге қамауға алынған. Оған 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында көзделген “Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету” бойынша айып тағылған.

    Айта кетейік, 26 шілдеде кешке бизнесменнің жұбайы Ольга Әбдіғаппарова адвокатпен бірге арнайы баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Ол күйеуі қамауға алынғанға дейін болған оқиғалардың егжей-тегжейін айтып берді.

    “Бәрі Алмас екеуміз демалысқа ұшқаннан кейін басталды. Ұшақ қонған кезде Алмас Әбдіғаппаров “Ава констракшен” компаниясынан жұмыстан шығарылды. Осыдан кейін менің компаниямда рұқсатсыз жарықты сөндірді… Біз тұрған үйде де, тіпті түнде жарық болмады. Жалпы, өте таңғаларлық жағдайлар болды. Сенбіде түстен кейін (24 шілде) Алмас ұсталды. Біз екеуміз көлікте болғанбыз”, – деді әйелі.

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    Қарияны самокатпен ұрған әйел жұрттың ашуына тиді

    Фариза

    Алматы облысында жоғалған 7 жастағы қыз бала жертөледен табылды

    Фариза

    “Заңдастырылған жезөкшелік, гомосексуализм…” – Иран жайлы таңқаларлық фактілер

    Пікір қалдыру

    nineteen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.