9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар Коронавирус

    20 шілдеде Алматыда сауда орталықтары, базарлар қалай жұмыс істейді?

    Алматы әкімдігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық нысандар қалай жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, 20 шілдеде қоғамдық көлік қалыпты режимде, демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.

    Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, қаладағы барлық бизнес нысаны демалыс күніне қарамастан, жұмыс күнінің режимі бойынша, қаланың бас санитария дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 19 қолданыстағы қаулысында жазылған шектеулерді сақтай отырып жұмыс істейді.

    Қоғамдық тамақтану нысандары сыйымдылығы 50 пайыз, 30 орындыққа дейін келушілерді қабылдай отырып, сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін және Ashyq-қа қатысушы нысандар 2.00-ге дейін жұмыс істейді.

    Сауда орталықтары мен сауда үйлері 17 сағатқа дейін жұмыс істейді. СОО-дағы тамақтану орындары тек Ashyq арқылы 10 пайыздан 22 пайызға дейін келушілерді қабылдай отырып, жұмыс істейді.

    Ашық базарлар жұмысына шектеу жоқ. Жабық азық-түлік емес базарлар сағат 10-нан 22-ге дейін жұмыс істейді.

    Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер шектеусіз жұмыс істейді.

    Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда бизнес нысандары 20 шілдеде жұмыс күндеріне қойылған карантин шектеулері бойынша жұмыс істейтіні хабарланды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Жұмыссыз отырған халық керекті заттарын алу үшін қаражат таппай ұрлыққа барады – Марғұлан Сейсембай

    Фариза

    Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға келетін жолдарға блок-бекеттер қойылғаны рас па?

    Фариза

    Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.