19 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға жүктілікті жоспарламауы тиіс. Бұл туралы елордалық гинеколог дәрігер Дина Нұрланқызы Жетінші арнадағы «Оян, Қазақстан» бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Екпе алғаннан кейін 3 ай бойы сақтану керек. Тек содан соң ғана толық тексерістен өтіп, жүктілікті жоспарлауға рұқсат беріледі. Бізде қазір «Спутник V» және «QazVac» вакциналары бар. Аталған вакциналарды салдырған әйелдерде үш айдан кейін денсаулықтарында ешқандай кінәрат болмаса, жүктілікті жоспарлауға болады. Ал Hayat-Vax вакцинасын алғандар үшін екі жылға дейін бала көтеруге болмайды. Бұл – вакцина өндірушілердің ұсынымдары. Ал егер де әйел жүкті болып қалған болса, онда үнемі бақылауда болуы керек», – деді маман.

    Сондай-ақ, дәрігер инфекцияның жатырдағы балаға еш қауіптілігі жоқ екенін ескертті. Өйткені вирус плацентадан өтпейді екен. Бірақ оның ана денсаулығына зақым келтіру мүмкіндігі басым.

    Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Hayat-Vax вакцинасының 2-ші компонентін алғандар 2 айдан кейін жүктілікті жоспарлауына болатыны жазылған.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Шиелідегі «басты проблемаға» айналған орта мектептің мәселесі шешілді

    Фариза

    М.Тазабек «Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашпақ

    Фариза

    “Қажылыққа бару қиындамақ” Ғалымдар мұсылмандарға дабыл қақты

    Пікір қалдыру

    seventeen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.