22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Атышулы іс: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты іс жаңаша сипат алды

    Елордада «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат алды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» агенттігіне сілтеме жасап.

    Бүгін сот отырысында Ұлттық ғылыми орталық қызметкерінің жауабы тыңдалды. Райхан Мұсағалиеваның айтуынша, індет өршіген кезде алматылық дәрігерлердің қорғаныш құралдарымен қамтылмауы олардың вирус жұқтыруының басты себебі болған. Жаппай ауруға шалдығу дерегі мәлім болған соң жүргізілген зерттеу жұмыстары осыны көрсеткен. Қауіптің алғы шебінде жүрген мамандар тиісті 3 қорғаныш киімінің орнына біреуін жарым-жартылай күйде қолдануға мәжбүр болған. Сарапшының айтуынша, тіпті оны қайта-қайта ауыстырмас үшін жөргек киген. Еске сала кетейік, Берік Шәріптің үстінен қозғалған іс Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық сотында қаралып жатыр. Оған «медицина қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен толық қамтымады» деген айып тағылды.

    Фото: pancreatus.com

    қатысты посттар

    Жаңа облыс тұрғындары қайта тіркеуден өтуі керек пе?

    Фариза

    Қазақстандықтар мемлекетке 24,3 миллиард теңге қарыз

    Фариза

    «Нұрлы жер»: Аралда су айдау насостық станциясы салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.