5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Вакцина салдырту үшін халықты қымбат сыйлықпен алдаудың не қажеті бар?

    Коронавирустық инфекцияға қарсы қазіргі таңда көптеген елдер вакцина салу жұмысын бастап кетті. Дегенмен, әрбір азамат вакцинаны өз еркімен алып жатыр деп айту да қисынсыз. Себебі, шет елдерді қоса алғанда елімізде де мәжбүрлікпен вакцина салдыртуға қысым көрсетіп жатқандығын жеткізген қызметкерлер бар. Егер конституциялық заңды ескеретін болсақ әрбір азамат вакцина алу немесе алмау құқығын өзі таңдауы керек. Мұндай мәжбүрлікпен бүкіл халыққа вакцинаны салып бітіре алмайтындығын түсінген билік, енді баланы алдағандай етіп, вакцина салдырсаң сыйлық беремін деген айла тәсілге көшіп кеткен секілді. Себебі, соңғы уақыттары екпе алушылар арасында ойын ұйымдастырып, ұтысқа тұрмыстық құралдар, киім дүкендеріне жеңілдіктер, автокөлік пен тіпті, пәтерді де ойнатып жатқандығы туралы ақпараттар көп тарап кетті. Күні кеше Нұр-сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың өзі екпе салдырушылар ойынға қатысып пәтер ұтып алу мүмкіндігіне ие бола алатындығын жеткізген болатын.

    «Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады», – деді Көлгінөв.

    Бұдан бөлек дәл осындай пәтер ұтысы Маңғыстау облысы бойынша да ұйымдастырылып жатыр.

    Бастапқыда екпе салушыларды вакцина алуға қызықтыру үшін Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау және басқа да қалаларда техникалық құралдар, тауарларға жеңілдіктер сынды сыйлықтар ұсынған болатын. Дегенмен, билік мұндай «майда-шүйдемен» халықты қызықтыра алмаған сияқты. Олай дитін себебіміз, Қазақстан әлем елдері ішінде халықты вакцина алуға ынталандыру үшін пәтер ойнатқан Гонконгтен кейінгі екінші мемлекет болып отыр. Ал басқа мемлекеттердің мұндай көлемді сыйлықты ұсынғанын әлі көргеніміз жоқ. Қазақстанда қазірдің өзінде екі қалада пәтер ойыны, сонымен қатар автокөлік пен шетелге саяхаттауға арналған жолдаманы ойын ұтысы ретінде ұсынып үлгерді. Халықтың жартысы дерлік вакцинаға деген сенімнен айрылып, адам қайтыс болған жағдайдан кейін екпе алудан сескеніп қалғаны рас. Ал биліктің халықты вакцина адамның өз денсаулығы үшін керек екендігін сауатты түрде түсіндірудің орнына, бағалы сыйлықтарды ұсынып қана алдаусырата салғанын қалай түсінуге болады? Мұндай әрекеттен кейін көпшіліктің вакцинаға деген көзқарасы жақсы жаққа өзгеруі мүмкін деп айтудың өзі қисынсыз. Себебі, адам саналы түрде вакцинаның пайдасын түсінген жағдайда ешқандай сыйлықтың қажетінсіз-ақ өз өмірі үшін барып екпе салдыратын болады.

    Екпе алуға ынталандыру мақсатында басқа мемлекеттер азаматтарына қандай сыйлықтар ұсынды?

    Индонезия елі екпе салдыртқан тұрғындарына ірі қара мен тауықты сыйға тартты;

    Тайландта вакцина алғандар сиыр алу мүмкіндігіне ие болды;

    Гонконгте әуе билеттеріне жолдама мен жаңа пәтер берді

    Америкада вакцина алушыларға анаша берілді

    Ресей мемлекетінде арнайы жеңілдіктер мен автокөлік ойнатылды

    Денсайлық сақтау министрлігіне не ұсынғымыз келеді?

    Қарап отырғанымыздай, бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тек екі елдің осындай ең бағалы сыйлықтарды ойнатуы, оның ішінде, Қазақстанның, болуы – біздің ойымызша ұялатындай жағдай. Халық, расында, әлі күнге вакцианың қандай пайдасы бар, ол вирустан қорғайды ма, әлде жоқ па, өлімнен қорғайды ма нақты ақпаратты толық білмиді. Олай дейтін себебіміз, көпшіліктің арасынан «вакцина салдырса да, коронавируспен ауырып жатқандар бар екен ғой, онда не үшін вакцина салдырамыз», – деген сауалдарды көп кездестірдік. Бұл жағдай бойынша «Sputnik-V» вакцинасын шығарушылар екпе салдырғандар коронавирусты қайта жұқтыра беруі мүмкін, дегенмен, вакцина өлімнен қорғауға ықпал етеді деп түсіндірген болатын. Халықтың мұндай ойда қалып, вакцинадан қашуының себебі, дәл осындай аталған мәселелер бойынша халыққа түсіндірілу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген пайда болып отыр. Ең сорақысы, Денсаулық сақтау министрлігі қойып жатқан тыйымдардан жол табу үшін халық вакцина құжатын жасырын сатып алу жолдарына да кірісіп кеткен. Халықтың көзі көріп тұрған ащы шындықты, бұрмалап ақиқатты жасыруға тырысқаннан гөрі, шынайы ақпаратты халыққа жеткізіп, вакцина адамның өз денсаулығы үшін керек екендігін түсіндіру қажет. Тек коронавирусқа қарсы үкім шығарып, «болмайды» деген тыйыммен халықты басқарғанша, саналы түрде халықтың вакцинаға өз еркімен келуіне ықпал жасаған әлдеқайда тиімді. Күнделікті вакцинаға байланысты шығып жатқан жағымсыз жаңалықтың барлығын «фейк» деп қана жылы жауып қоюмен халықтың көзқарасын өзгерте алмаймыз. Билік, расында, өз елінің азаматтарын ойласа, бағалы сыйлықпен халықты алдамай, саналы түрде жұмыс істеуі керек.

    Жандар Фариза

    қатысты посттар

    Бүкіл әлем коронавируспен арпалысып жатқанда, Президенттік клиниканың дәрігерлері науқастың өмірін аман алып қалды

    Фариза

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Пікір қалдыру

    sixteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.