15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Маңғыстауда емшіге жүгінген 8 жастағы бала бір қолынан айырылды

    Маңғыстауда велосипед теуіп жүріп қолын сындырып алған 8 жастағы баланы ата-анасы сынықшыға апарып емдетеміз деп, бір қолсыз қалдырған. Бұл туралы Азамат Сәрсенбай атты желі қолданушысы жазып, парақшасында баланың видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Аzattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Осыдан 12 күн бұрын балам велосипед теуіп жүріп, қолын сындырып алады. Содан үйге жақын жерге сынықшыға барып, қолын салдырдық. Олар «үш күннен кейін келіңіз, қайтадан жібін ауыстырамыз» деп айтты. Үш күннен кейін ауыстырып берді, сосын 21 күннен кейін келуім керегін айтты. Осы аралықта баланың қолы ісіп, көгерді. Ол «уайымдамаңыз» деді. Үйге келген соң ұлымның қолы ісіп, көгеріп, қызарды. Бірер күннен соң, қолының ұшы жәймендеп қарая бастады. Балам өзін жақсы сезініп, тәбеті жақсы болып жүргендіктен бәрі жақсы деп ойладық. Бес-алты күн өткеннен кейін бала саусақтарын сезбейтін болды. Қайтадан сынықшыға апарсам «Бұлай болуы қалыпты, саусақтарының басын маймен майлаңыз» деп қайтарып жіберді», – дейді баланың анасы.

    Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов қазақстандықтарды білікті дәрігерлерге қаралуға шақырды.

    «Біздің балалар ауруханасының травмотология бөліміне 17 күні 8 жастағы бала түсті. Ауруханаға түскенге дейін білегін сындырып алған, емшілер қолына тығыз тамшы салып тастаған. Бізге келгенде баланың жағдайы өте ауыр болды, қолының басы қарайып, еті өліп қалған, жан жоқ. Содан кейін біз барлық орталыққа шықтық, консультация жасадық, тамырлы хирургтерге көрсеттік. Бәрінің айтқан тұжырымдамасы – ампутация. 20 маусым күні ота жасалды. Сынықшы емшіге барып ем алғанда, сынған сүйек әрдайым орнына келе бермейді. Қазір 21 ғасыр, заман, технология дамып жатыр. Сондықтан науқасты ең бірінші уақытылы ауруханаға жеткізіңіздер», – деді маман.

    Аталған жазбаны жариялаған желі қолданушысы балақайдың қолына протез салу үшін 12 миллион теңге қажет екенін айтып, көмектескісі келетіндер болса жекесіне жазуды өтінген.

    «Әлі де өз-өзіме келе алар емеспін. Қол ампутациясын өткерген сегіз жастағы сымбатты, өмірсүйгіш бала нағыз батыр. Айтуынша, енді механикалық қол салдырғысы келеді. Балалар хирургі Құрман Қайранов баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер, заманауи медицина болмағанда, ірің бір аптаның ішінде баланың бүкіл денесіне тарап, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмайтын еді. Дәрігерлердің айтуынша, балалар ауруханасына ауыр жағдаймен түсушілердің 50%-ы халық емшілерінің «емінен» өтіп келеді. Осы оқиға адамдардың халық емшілеріне баруына тоқтау болатын шығар. Қазір баланың ата-анасына ұрсатын уақыт емес, бастысы баланың психикалық саулығы. Қазір жақсы протез керек, ал оның құны 12 миллион теңге тұрады. Баланың ата-анасы мұндай соманы тауып бере алмайды, көмек қолын созғым келеді дейтін болса мархаббат», – деп жазды Азамат Сәрсенбай.

    қатысты посттар

    Алматыда 18 жастағы қызды жалдамалы пәтерде өлтіріп кетті: күдікті ұсталды

    Фариза

    Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

    Фариза

    Бүлдіршінді жабыла тепкілеген балалардың видеосы жұртты шошытты (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.