21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Әлеумет Қоғам

    Табысы аз отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр


    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Еңбек министрлігінің басшысы 2020 жылдан бастап Қазақстанда ашықтықты, әділдікті және өзара жауапкершілікті күшейту қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа моделі іске асырылып жатқанын атап өтті (тоқсан сайынғы өтініш, тағайындау критерийі – отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыстың өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем мөлшері, балаларға арналған тіркелген төлемнің күші жойылды, еңбекке қабілетті адам жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы АӘК алу құқығынан айырылады).

    АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу шеңберінде 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы енгізілді және табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама (әлеуметтік топтама) енгізілді.

    Балалардың жасына байланысты мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына арналған әлеуметтік топтаманың екі түрі бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар, мектеп жасындағы балаларға мектепте ыстық тамақ, мектеп киімі мен керек-жарақтары, жол жүру шығыстарын өтеу ұсынылады. Әлеуметтік топтама құрамын қалыптастыру кезінде денсаулық сақтау, білім беру мамандарының ұсынымдары, жұртшылықтың пікірі ескерілді.

    2020 жылы 435 мың бала әлеуметтік топтама алды. «2020 жылы барлығы 936 мыңнан астам адам немесе табысы аз 185 мың отбасы, оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы АӘК алды. Төлемдердің жалпы сомасы 88 млрд теңгені құрады», – деді Серік Шәпкенов.

    Еңбекке қабілетті көмек алушыларды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылды.

    «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 201 мың адам немесе еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74%-ы (271 мың) тартылды. 1,4 мың отбасы өз ісін дамыту үшін жеңілдетілген микрокредит алды», – деді министр.

    Ол сондай-ақ, 2020 жылы барлық өңірлерде табысы аз және көпбалалы отбасыларды түрлі мәселелер бойынша қолдау орталықтары ашылғанын атап өтті (31 орталықта АӘК тағайындау, тұрғын үй, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту және т.б. мәселелер бойынша көмек және кеңес беріледі).

    «АӘК-ті одан әрі жетілдіру мақсатында және алушыларға ыңғайлы болу үшін біз заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырамыз. Мәселен, 2021 жылдан бастап АӘК-ке өтінішті Электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Балаларға арналған әлеуметтік топтама Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылады. Жаңа «Еңбек» ұлттық жобасы аясында еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың табысын арттыру үшін жұмысқа орналастыру, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, өз ісін ашу немесе дамыту үшін жеңілдікті микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді шаралар ұсынылатын болады», – деп түйіндеді Еңбекминінің басшысы.



    қатысты посттар

    “Сенген арыстандарың көңілдеріңді қалдырғаны қандай өкінішті…”

    Таңдайдағы қарияның жұмбақ өлімі: тұрғындар мұғалімінің мектепке оралуына қарсы

    Фариза

    “Израиль жалпыға бірдей екпені қателік деп мойындады”

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.