10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында вакцина салдыруға келген азамат дәрігерді соққыға жықты

    Ескелді ауданында вакцина салдыруға келген тұрғын дәрігерді соққыға жыққан. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентін салдыруға келген азаматқа дәрігер вакцина паспортына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Алайда, маманның айтқанын орындағысы келмеген пациент қабылдау бөлмесінде шу шығарып, дәрігерді жұдырығын ала жүгірген.

    «21 мамырда Ескелді аудандық орталық ауруханасының емханасында қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасалды. Вакцина салдыруға келген пациентке вакцина паспортына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында пациент дәрігерге дөрекілік танытқан. Дәрігер медициналық ұйымда пациентке өзін дұрыс ұстауды ескерткен. Алайда, ол ескертуге қарамастан дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған. Дәрігердің беті пен мойын тұсынан бірнеше рет ұрған. Бұл оқиғаға қатысты дәрігер Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды», – делінген хабарламада.

    Басқарманың хабарлауынша, қазір дәрігер бас миының шайқалуы диагнозымен амбулаториялық ем қабылдауда.

    Сурет: inform.kz

    қатысты посттар

    Қордай дүнгендері тергеу амалдарының әділ жүрмегенін айтып, үндеу жасады

    Фариза

    “Кабинетке кірсем, іш-киіммен отыр” Алматы облысында медбикелер басшысының ерсі әрекетін айтып, арызданды

    Фариза

    Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.