18 C
Алматы
Жексенбі, 13 Маусым 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Базарға екпесіз кіргізбейді” – Қызылорда облысының әкімдігі видеоға жауап берді

    Әлеуметтік желілерде Қызылорда базарына коронавирусқа қарсы вакцинасыз кіргізбей жатыр деген ақпарат пайда болды. Облыс әкімдігі видеоға түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Instagram-дағы видео кадрларынан кезекте тұрған көп адамды көруге болады.

    “Вакцина салдырмадың ба? Базарға кіргізбейміз. Байғұс адамдар, жұмыс істетпеді ғой”, – делінген видео сипаттамасында.

    Қызылорда облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    “Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топтар құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін “Қорқыт Ата” сауда орталығында вакцинация жүргізді.

    Бұл вакцинация ерікті түрде жүргізіледі. Барлық санитарлық талап сақталған. Айта кетейік, вакцинация алдында дәрігер міндетті тексеріс жүргізеді.

    Сонымен қатар, “базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбейді” деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіндік бар”, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Похожие записи

    “Дұнғандар мылтықпен атып жатыр, келіңдер, жігіттер” Қордайда мылтық ұстап жүргендер елді шошытты (видео)

    Фариза

    Көптоғайдағы наразылықтан соң шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды

    Фариза

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    Пікір қалдыру

    2 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.