10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әлемдегі ең бай адамдар тізімі Қазақстанның тағы үш олигархымен толықты

    Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жаңартты. Бұл тізімге Қазақстаннан үш жаңа миллиардер енді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тізімнен жаңадан төбе көрсеткен үшеу мыналар: Kaspi.kz сайтының негізін қалаушылар Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance инвестициялық комитетінің бас директоры Тимур Тұрлов.

    Қазақстандықтар арасында Владимир Ким 4,6 миллиард долларлық байлығымен І-орынды (әлемдік рейтингте – 622 орын) иеленеді. Оның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 900 миллион долларға дейін өсті.

    Болат Өтемұратов – ІІ-орында (әлемде 891 позицияда). Оның капиталы 3,4 миллиард долларды құрайды. Бір жыл ішінде оның байлығы 700 миллион долларға өсті.

    ІІІ-орынды (әлемдік тізімде – 925) 3,3 миллиард долларлық капиталымен Kaspi.kz тең құрылтайшысы Вячеслав Ким иеленді.

    Одан кейін 2,3 миллиард долларлық байлығы бар – Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе (956-орын – әлемдік рейтингте) тұр.

    Қазақстандықтар арасында V-орынды (1111-орын: жаһандық тізімде) Тимур мен Динара Құлыбаевтар иеденеді. Олардың әрқайсысының байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланады.

    Алғаш рет Тимур Тұрлов (әлемдік тізімдегі 1517 позицияда) 2,2 миллиард доллар капиталымен осы тізімге енді.

    Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос дәстүрлі түрде 177 миллиард долларлық байлығымен әлемдік тізімде көш бастап келеді. Одан соң 151 миллиард доллар байлығы бар Илон Маск тұр. III-орында – 150 миллиард долларымен Луи Виттон мен Кристиан Диор Бернард Арноға иелік ететін француз магнаты.

    Майкрософттың негізін қалаушы 124 миллиард доллар байлығымен – IV-орында.

    Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 97 миллиард доллармен алғашқы бестікті түйіндейді.

    қатысты посттар

    У ішіп қойған. Әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті тарады

    Фариза

    Қызылорда облысында Абайды ұлықтауға арналған 600-ден аса шара өтті

    Фариза

    Қазалы ауданында 3 млрд-тан астам қаржыға 42 жоба іске асырылып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.