12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Қайдағы карантин?” Алматылықтар автобуста адам көптігіне шағымданды

    Алматыда тұрғындар қоғамдық көліктердің аз екенін, соның салдарынан салондарда адамдар көп жиналатынын айтып шағымданды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Желіде алматылықтардың қоғамдық көліктерге шағымдары жиі жарияланатын болды.

    Мысалы, krisp.almaty-парқашасында қоғамдық көлік салонында түсірілген видео пайда болды. Онда адамдар шамадан тыс көп екенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, кадр 16 наурызда таңғы 8.30-да №22 қоғамдық көлік ішінде түсірілген.

    “Бекшин мырза, егер адамдар арасында коронавирус инфекциясы таралмасын десеңіз, коғамдық көліктер санын көбейтіп, салондағы адамдар санын шектеу керек. Әйтпесе қайдағы қарантин? Сіз адамдар инфекцияны кафе мен тауда жұқтырады деп ойлайсыз ба? Демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу – бұл шешім емес”, – делінген жазба сипаттамасында.

    Сондай-ақ, алматылықтар №11-47-69 автобустарға шағымданды. Kris.p.almaty.official адам толы автобус салонының суретін жариялады.

    “Автобус ішінде күнделікті осы жағдай қайталанады. Арақашықтық сақталмайды. Мен өзім бұрын ауырып, антибиотиктер мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерге көп ақша жұмсадым. Адамдар жұмысқа жету үшін автобуспен жүруге мәжбүр. Таксимен жүруге қаражат жоқ. Мен әкімдіктен автобус санын көбейтіп, күту уақытын қысқартуды сұраймын”, – деп жазады қала тұрғыны.

    Айта кетейік, 2020 жылы Жандарбек Бекшин локдаунның қателіктері туралы айтып, сәтсіз бастамалардың бірі қоғамдық көлік жұмысының шектелуі екенін айтқан еді.

    Алайда 2021 жылы Алматыда қоғамдық көлікке шектеулер қайта енгізілді. Демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы мен метро қызметі тоқтатылды.

    Бұған дейін Жандарбек Бекшин демалыс күндері қалада қоғамдық көлік пен метро жұмысының шектелу себебін түсіндірді.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында 9 сынып түлектері шаңырақ көтерді

    Фариза

    Шымкент: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,1 млрд теңге қаралған

    Фариза

    Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров қамалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.