7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қатесіз қазақ тілі

    Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды Қазақстан халқы тілдері күніне мерекесімен құттықтады

    Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
    Бүгін – «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүл күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің мәні зор.

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мемлекеттік тілді дамыту – маңызды басымдық болып қалады. Біздің мақсатымыз – Қа¬зақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу! Кезінде Қазақстанның тіл мәдениетіне, мемлекеттік тілге нұқсан келтірілді, «алмақтың салмағы болады», бұл соның орнын толтыру!» деген сөзі бар.

    Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған сындарлы тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тату тәтті, ынтымақ, бірлікте өмір сүруіне үйлесімді тіл саясаты тікелей ықпал етеді. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің сындарлы саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдау көрсетіліп келеді.

    Жыл сайын қыркүйек айында кең ауқымда аталатын тіл мерекесінің шаралары биылғы күрделі кезеңде де тоқтап қалмай, карантин талаптарын сақтай отырып өткізілуде.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», – деп атап өтті. Бұл тіл саясаты мәселесінде бізден асқан ыждағаттылықты талап етеді.

    Тіл ұлттың тірегі дейміз. Ендеше, тірегімізге тіреу болайық, тәуелсіздігімізге сүйеу болайық.

    Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін!

    Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

    қатысты посттар

    «Орысшаны халық түсінбей отыр» – Балаева баяндаманы қазақ тілінде айтуды талап етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.