12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды

    Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауапта жіберді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Майгүл Омарова мен “Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы” КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды.

    “2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды”, – деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері.

    Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді.

    Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті “Алматы облысының білім басқармасы” ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу бастаған болатын. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі “Пара алу” және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі “Пара беру” бойында тергеліп жатыр.

    Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. 

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жыл аяғына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

    Фариза

    Қызылорда облысында депутаттар ауруханаларға 10 оттегі концентраторын алып берді

    Фариза

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.