9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында соңғы 10 күнде 45 той өткізу фактісі анықталды

    Соңғы он күнде Қызылорда облысы бойынша 45 той өткізу фактісі анықталса, оның ішінде 40 мерекелік шара жеке үйлерде ұйымдастырылған. Карантиндік шараларға қарамастан 5 мейрамхана мерекелік жиын өткізген.

    Талдау жүргізу барысында халық тарапынан ұлттық дәстүрдегі той-жиындар тек демалыс күндері емес, жұмыс күндері де жиі ұйымдастырыла бастағаны белгілі болды. Сондықтан арнайы құрылған жұмысшы топ жұмыс күндері де жеке тұрғын үйлер мен мейрамханаларға, жалға берілетін коттедждерге жүргізілетін рейдтік шараларды күшейтіп отыр. Себебі наурыз айында облысымызда эпидемиологиялық ахуалдың өршіп, инфекция жұқтырудың топтасқан жағдайлары осындай жиын-тойлардың себебінен орын алған болатын.

    Облыста құрылған 24 мониторингтік топ анықтаған 830 карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты орын алып отыр. Аталған заңбұзушылақтар бойынша бүгінде жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге 38 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

    Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін әртүрлі ұлттық дәстүрлік сипаттағы 420 көпшілік іс-шара өткен. Мерекелік жиындар ең көп анықталған Қазалы мен Жалағаш аудандары және Қызылорда қаласы дейді мониторнгтік топ мүшелері.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Үш ауысымды мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕГІНДЕ АХАУЫ БАР НАУҚАСҚА СТЕНТ-ГРАФТ ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.