16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    12 жасқа дейінгі баланы жалғыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылады

    Мәжілістің жұмыс тобында балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін қолданыстағы бірқатар заңға өзгерістер енгізетін заң жобасы талқыланып жатыр. “Онда қатты күмәнданатын нормалар бар”, – деп, белсенділер қарсылық білдіре бастады. “Қылмыстық және әкімшілік кодекстерде жауапкершілік қарастырылмаған, нұқып жіберу, ұрсып беру сынды “тәрбие формаларын” бөлек алып шығып, балалардың құқықтарын шектеу ретінде бағалау қарастырылған”, –  дейді белсенділер. Бұл ата-аналарды құқығынан оп-оңай айыруға сеп болатын нормалар деп есептейді. Олар, тіпті, қол жинап петицияны президент әкімшілігіне тапсырған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.

    Кейбір заңгерлер бұл ата-анасының өз балаларын өзі тәрбиелеуі сынды конституцияға қарама-қайшы дейді. Мысалға, айтуларынша, заң жобасында учаскелік инспектор қажет деп санаса, ата-аналарды психокоррекцияға мәжбүрлеп жібере алатын сияқты нормалар бар. Ия, бізде балаларды қорлау, зәбір көрсету, ұрып-соғу  фактілері аз емес. Тіпті, майып қып қойып, ақырында, дамуында тежелу пайда болған балалар бар, өкінішке орай. Мұндай сұмпайы құбылысты ізгілікке шақырған үндеулермен тежей алмайтынымыз рас. Бірақ, мысалы көршісімен араз адам мыналар баласына зәбір көрсетеді деп арыздана берсе, және арызда көрсетілген адамдарда учаскелік полицей де жұмсартып айтқанда ұнатпаса, қалай болғаны? Бұл қайдан шыққан заң жобасы деп қызығушылық танытқанымызбен, екі апта бойы депутаттар аталған мәселеге пікір білдірмей қойды.

    Қоғамдық қозғалыс белсендісі Айжан Мұстафина:  Құқық қорғаушы заңгерлеріміз заң жобасын бастан-аяқ оқып шығып, экономикалық, физикалық зорлық-зомбылық деген нормалардың бар екендігін анықтады. Бұл дегеніміз баласын нұқып қалған, тіпті, ұрысқан ата-анаға арнайы бап бар деген сөз. Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі баланы үйде, далада, көліктің ішінде жалғыз өзін қалдыруға болмайды деп жазылған. Демек, біз 24 сағат баланың жанында отыруымыз керек. Онда кім жұмыс істейді, баланың қажеттілігіне ақшаны кім табады? Ал енді баланың қажетін өтей алмаса, заң жобасының жаңа айтып тұрған экономикалық зорлық-зомбылық деген бабы  тағы бар. Бұл ақылға қонбайтын нормалар. Яғни, баланың материалдық қажеттілігін өтей алмаған жағдайда да сізден балаңызды тартып ала алады деген сөз.

    Атап  айтатын жағдай дәл осындай заң жобалары пост кеңестік мемлекеттерде ұсынылған. Былтыр көршілес Ресей елінде дәл осындай заң жобасы ата-аналардың шағымынан кейін алынып тасталған екен.   

    қатысты посттар

    «Қыздығын алсам болды әйелім болады деп зорлап тастайды»: Психолог қазақ жігіттері туралы

    Қазақстанда “әке квотсын” енгізу ұсынылды.

    Өз қызын зорламақ болған педофил құрбан болып, анасы баласын қорғағаны үшін түрмеге жабылуы мүмкін

    Пікір қалдыру

    eight + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.