21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында 7 типтік мал қорымы салынуда

    Қызылорда облысында 83 типтік жобадағы мал қорымы бар. Биыл қосымша тағы 7-еуі салынуда.

    Бұл мал қорымдарының 5-і Аралда, 2-еуі Жалағашта. Ал жыл соңында 90 типтік жобадағы мал қорымы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, ауру ошақтарын болдырмау және алдын алу мақсатында қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы республикалық бюджет есебінен бес жарым миллион доза ветеринариялық препарат алынды. Қазіргі таңда, бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

    «Жыл басынан «Е-лицензия» веб-порталымен 1 лицензия рәсімделіп, «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша 40605 дана ветеринариялық анықтама беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының 6 түрлі энзоотияға қарсы препараттары сатып алынды. Сонымен қатар, бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде 27 бас МІҚ, 62 бас уақ мал оң нәтиже көрсетті. Ауру малдар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, уақытылы сойылып, мал иелеріне өтемақылары толық төленді. Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандарында құтыру ауруының 4 жағдайы тіркелді. Ауру ошақтарына шектеу қойылып, тиісті іс-шаралар жүргізілді»,дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов.

    қатысты посттар

    Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды

    Фариза

    Қызылорда облысында қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер ерекше бизнес түрлерімен айналысады

    Фариза

    Мойынқұмда 4 шаруашылық жаңбырлатып суғару технологиясын егізуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.