16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сыр өңірінде 7 жаңа кәсіптік мамандық ашылған

    Қызылорда облысында жұмысшы мамандарды даярлау үшін жыл сайын жаңа кәсіптік мамандықтар ашылуда. Еңбек нарығын зерттеу арқылы ең қажетті деген жұмысшы кәсіп иелерін оқытуда колледждерге мемлекеттік лицензия берілуде. Мәселен, соңғы 3 жылда 26 жаңа мамандыққа мемлекеттік тапсырыс берілген. Бұл колледжерге 111 жаңа біліктілік береді.

    Биыл аймақтағы колледжерде 7 жаңа кәсіптік мамандық ашылған. Атап айтқанда «Логистика», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Маркетинг», «Төтенше жағдайда қорғау», «Дизайн», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Көркем еңбек пәнінің мұғалімі» мамандықтарына сұраныс артқандықтан, оқытылуда.

    Білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымованың айтуынша, 2021 жылға қарай бірнеше жаңа мамандық ашылмақ. Мәселен, алдағы жылы «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру», «Жылы жай шаруашылығын ұйымдастыру», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер», «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайны» сынды жаңа мамандықтар оқытылмақ.

    Айта кетейік, Сыр елінде 30 колледж бар. Оның 17-і мемлекеттік, 13-і жеке колледж. Бүгінгі күні барлық колледждерде 19685 студент білім алуда.

    қатысты посттар

    Таразда Тұңғыш Президент күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті

    Фариза

    Бұқтырмада қысқартуға ұшыраған бірде –бір адам жұмыссыз қалмайды 

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.