9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда су тоспасын кешенді жөндеу басталды

    Қызылорда облысының су шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі Қызылорда су тоспасын кешенді жөндеу.

    Сырдария өзенінің арнасында орналасқан Қызылорда су тоспасы 1956 жылы пайдалануға берілді. Оның негізгі мақсаты өзен бойындағы су ағынын реттеу, сондай-ақ, облыстың Қызылорда қаласы, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандары аумағында орналасқан 110 мың гектар инженерлік жоспарланған жерді және 250 мың гектар шабындық жер мен жайылымдарды сумен жабдықтау болып табылады.

    2015 жылы құрамына қазақстандық, сондай-ақ, халықаралық сарапшы-мамандар кірген Қызылорда су тоспасының техникалық жай-күйін кешенді тексеру үшін арнайы құрылған комиссия объект беріктігінің нашарлағанын анықтады. Сондықтан, облыс әкімдігі бөгет арқылы көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салу туралы шешім қабылдады.

    Қызылорда сутоспасы істен шығып, жұмысытоқтаған жағдайда Қызылорда қаласы мен оған іргелес елді мекендердің 400 мың тұрғыныныңтіршілігіне қатер төніп, облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілеріне орасан зор зардап келтіру қаупі бар. Сонымен бірге, өзеннің төменгі арнасында орналасқан облыстың 38 елді мекенін су басуы мүмкін.

    Осы мәселелер шұғыл шараларды қабылдауды талап ететінін ескере отырып, «Қызылорда су тоспасын қайта жаңарту» жобасын Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізу мақсатындабіршама жұмыс атқарылды.

    2020 жылы «ҚазСуШар» РМК өз қаражаты есебінен жобаны әзірлеп, оған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

    Сонымен қатар, жалпы құны 3,2 млрд.теңге болатын жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді, бұл биылғы жылдың қазан айында Қызылорда су тоспасында жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік берді.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЛИФТІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

    Фариза

    Шымкент Армян көліктерін тіркеуден үздік үштікке енді

    Фариза

    Жамбыл спортындағы қордаланған мәселелер сараланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.