12 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қашықтан оқыту: Қызылордада мұқтаж отбасыларға тағы 20 компьютер табысталды

    Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары ескі компьютерлерді кәдеге жаратып, балалардың кедергісіз білім алуы үшін ІТ паркпен бірлескен жобаны қолға алған болатын.

    Қала тұрғындары бұған дейін істен шыққан компьютерлерін орталыққа әкелген. Нәтижесінде мамандар 110-ға жуық компьютердің ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, тағы жаңа 20 компьютерді жасақтап шығарды. Бүгін олар екінші лекпен тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға таратылды.

    Орталық директоры Бауыржан Мастековтың айтуынша, осыған дейін жаңа оқу жылына орай 30 компьютер берілген, республикада алғаш болып біздің өңірде қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасады.

    Компьютерге қол жеткізгендер ішінде Айнұр Әлиева бар. Оның баласының білім көкжиегін кеңейтуіне берілген бұл мүмкіндікке деген алғысы зор. Иә, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Өзгеге мейірім сыйлау үшін таза ниеттің өзі жеткілікті.

    қатысты посттар

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТУДА

    Фариза

    Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.