12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ағаділ ұлының өлімінен кейін полиция ғимаратының алдына белсенділер жиналды

    Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлының қазасынан кейін 11 қараша кешке Алматы қалалық полиция ғимаратының алдына бір топ белсенді жиналды. 2000-жылдардан бері жұмбақ жағдайда қаза тапқан журналистер мен саясаткерлер, белсенділердің суретін ұстаған топ эмоцияға беріліп, Жанболат Ағаділді жоқтады. Полицияның әрекетсіздігін сынап, билікті кінәлады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    – Полиция әдетте митингілер қарсаңында белсенділерді тырп еткізбеуші еді, ал осындай жағдайға келгенде неге қылмыскерлерді анықтай алмайды? Неге тез қимылдамайды, әрекет етпейді? – деді жиналғандар.

    Наразылардың бірі “Билік ешқашан шындықты айтпайды, Дулатты өлтіргенде де өтірік себеп айтқан. Бұл жолы да сөйтеді” деді.

    Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро оқиғадан тікелей эфирде хабар таратты.

    Қалалық полиция департаментінен Исмаилов есімді қызметкер шығып, жиналғандарға “бұл шараларыңыз заңсыз, тараңыздар” деп ескерту жасады. Ғимарат маңына арнайы жасақ та әкелініп қойғаны байқалды.

    11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. Полиция оқиғаға байланысты “Адам өлтіру” және “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Туыстарының айтуынша, 10 қарашада түнде жергілікті жастар Көктал мен Талапкер ауылы болып бөлініп, төбелескен. Оған нақты не түрткі болғаны белгісіз. Марқұмның жақындары осыған дейін Азаттыққа Жанболат Ағаділдің үш жерден: шынтақ тұсы, қабырғасы және жүрегінен пышақ жарақатын алғанын айтқан.

    17 жастағы Жанболат Ағаділ биыл 24 ақпанда әкесі, азаматтық белсенді Дулат Ағаділді полиция түнде үйінен ұстап алып бара жатқанда араша түскен еді. Сол жолы курткасы жыртылған бозбала кейін әкесінің өлімінің әділ тергелуін талап етуімен де көзге түскен.

    Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділ өлімінен кейін Қазақстан қалаларында наразылық шаралары өтіп, оған қатысқандар белсендінің өліміне билікті айыптаған. ІІМ “Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды” деп мәлімдеген. Марқұмның туыстары биліктің нұсқасына күдік келтіріп, ашық тергеуді талап еткен. Ал прокуратура белсенді өлімінен кейін ашылған қылмыстық істі жапқан.

    қатысты посттар

    Бір арнада “Қалаулым”, бір арнада “Өз ойым”. Бұл не сұмдық?

    Батыс Қазақстан облысында суға талас болып жатыр

    Фариза

    “Жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған” – Медреседе 19 жастағы қызды тірідей өртеп жіберді

    Пікір қалдыру

    four + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.