18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада онкологиялық орталық салынады

    Қызылордада жаңа онкологиялық орталық салу үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында сараптамалық құжаты дайын болса, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

    Бүгінде өңірдегі онкологиялық орталықта барлық хирургиялық қызмет жасалады. Яғни, 40-70 жас аралығындағы әйелдерге мамографиялық көмек тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, елімізде мойын, сүт безі обыры және колоректальды қатерлі ісігімен ауыратын адамдар скринингтен тегін өтеді.

    «Қызылорда облысы онкологиялық аурудың көрсеткіші бойынша 15-ші орында тұр. Жыл сайын мыңға жуық науқас тіркеледі. Өңеш қатерлігі ісігі, өкпе, сүт безі аурулары көп кездеседі. Сапарымның мақсаты – өңірдегі жағдайды біліп, мониторинг жүргізу. Яғни, науқастарға қалай көмек көрсетіліп жатқанын, дәрі-дәрмектің жеткіліктілігін қадағалау. Науқастардың жағдайын бақылау барысында барлық құрал-жабдықтардың жеткілікті екенін көрдім. Желтоқсан айында сараптама дайын болса, өңірде заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы басталады», – деді Қазақ онкология жане радиология гылыми-зерттеу институтынын директоры Диляра Қайдарова.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында бес айда 16,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Таразда мұрағат мамандарына арналған семинар өтті

    Жұмыс нәтижесі бойынша аудан рейтингі қалай?

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.