12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Жаңалықтар

    М.Тазабек «Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашпақ

    Мұхамеджан Тазабек “Асыл арнаның” жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне “Тәлімтв” деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік – отбасылық, ғылыми – танымдық, мәдени – ағартушылық бағытта қызметін жалғастыратынын жеткізді.

    “Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз. “Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын.Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті.Сырт көзден де артық сұрақ туындамай, бір бұлақтан ақпарат тарқауы елге де ыңғайлы.

    Ал, он жыл бұрын біз арна ашқан кезде алдымызда салыстыратын, үлгісін алатын мұндай жоба болмаған. Қатты қиналдық, іздендік, артық айттық, кем айттық, халықпен кеңесе жүріп осы күнге жеттік.Ол кезде эфирде құмарлық насихатталса да құран оқылмайтын, мазаң қашатын әуен болса да азан айтылмайтын. Қаншама ата-апаларымыз сұқбат тыңдап, жастарымыз рухани тағылым үйреніп, қаншама бағдарламаларды балаларымызбен бірге отырып ұялмай көрдік…Аллаға шүкір, діни басқарма толысып, осыншалық ауыр жүк, діни аманатты мойынымыздан алып жатқанына қуаныштымыз.”Халық арнаға” ақ жол, шығармашылық табыс тілейміз.

    Ал, “Асыл арна” жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне “Тәлімтв” деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік – отбасылық, ғылыми – танымдық, мәдени – ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады.✅ Халықтың рухани қызметіне жарап, ақындығымыз бен ұйымдастырушылық қабілетімізді ел игілігіне пайдалана алсақ, бұл да бір Алланың берген ұлы нығметі”, – деді ол.

    қатысты посттар

    “Атыс салдарынан бір адам көз жұмды”. Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Жер туралы жаңа заң жобасы: шетелдіктер мен қандастарға жер сатылмауы мүмкін

    Фариза

    Төрт жұмысшының қазасы: «АрселорМиталл Теміртау» компаниясының екі басшысы ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.