20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістанға авиарейстер ашылды

    Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Түркістан қаласының жаңа әуежайына рейстер ашылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді «Fly Arystan«, «SCAT« және «Qazaq Air« сынды қазақстандық 3 компания орындайды», – делінген Азаматтық авиация комитетінің ақпаратында.

    Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша билеттерді сатуды бастады. «Fly Arystan» рейстеріне билет бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.

    Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

    Фариза

    Қазақстанға 11 елден келуге шектеу қойылып, Египетпен әуе байланысы тоқтайды

    Фариза

    Түркия, Мысыр, Шри-Ланка және Мальдив қонақүйлері қазақстандықтар үшін бағаны 40 пайызға дейін төмендетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.