21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Қызылорда облысында мал шаруашылығын тұрақты мемлекеттік қолдаулардың арқасында аймақта асыл тұқымды мал басы саны артып келеді.

    Бүгінгі күні облыста 352,6 мың бас мүйізді ірі қара, 761,9 мың қой мен ешкі, 1,9 мың шошқа, 153,8 мың жылқы, 53,2 мың бас түйе, 124 мың бас құс тіркелген.

    Облыстағы асыл тұқымды малдардың саны шаруашылықтардағы малдарды өз төлі есебінен көбейту арқылы және агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал сатып алу арқылы көбеюде.

    Асыл тұқымды мал сатып алу бағыты мемлекет тарапынан субсидиялауға жатады.
    Осыған сәйкес шет елден сатып алынған асыл тұқымды 1 бас МІҚ малының аналығына 225 мың теңге, отандық МІҚ малының 1 бас аналығына және бұқасына 150 мың теңге, асыл тұқымды отандық қойдың 1 бас аналығына және қошқарына 15 мың теңге, жылқының асыл тұқымды 1 бас айғырына 100 мың теңге және түйенің асыл тұқымды 1 бас бурасына 100 мың теңгеден субсидиялау жолдары қарастырылған.

    Сондай-ақ, мемлекет тарапынан мүйізді ірі қара мен қой малдарының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстары субсидияланады. Атап айтқанда, субсидиялау нормативтері бекітілді:

    – асыл тұқымды МІҚ аналығының 1 басыны 15 мың теңге;

    – асыл тұқымды қойлардың 1 бас аналығын 4 мың теңге;

    – тауарлы МІҚ аналығының 1 басына 10 мың теңге;

    – тауарлы қойлардың 1 бас аналығын субсидиялауға 2,5 мың теңгеден субсидиялау нормативтері бекітілген.

    Осындай қолдаулардың арқасында қазіргі таңда өңірде асыл тұқымды 8385 бас мүйізді ірі қара, 78642 бас қой, 6882 бас жылқы және 3225 бас түйе тіркеліп, олардың үлес салмағы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4%-ға, қой мен ешкінің басы 5,5%-ға, жылқы 8,5%-ға, түйе 5,3%-ға, құс 1,4%-ға көбейді.

    Облыста асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басы негізінен 30 шаруашылықтың меншігінде шоғырланған. Олардың 7-сі сүт бағытындағы, қалған 23 шаруашылық ет бағытында өсірумен айналысады. Сүт бағытындағы біздің облысқа «Голштино-фриз», «Қарала», «Әулиекөл», «Алатау», «Симменталь» тұқымдары аудандастырылған.

    Аймақта асыл тұқымды қой өсірумен 103 шаруашылық айналысады. Қой тұқымдары бойынша «Еділбай», «Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы», «Ордабасы», «Гиссар» және «Қаракөл тұқымдары».

    Өңірде жылқы мен түйенің өнімділік бағыттағы тұқымдары өсіріледі. Бұлар «Мұғалжар», «Жабы», «Көшім» тұқымды жылқылар болса, түйеден «Аруана» және «Қазақтың айыр өркеш» тұқымдары көбейді.

    қатысты посттар

    ШҚО оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады

    ПРАЙМЕРИЗ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

    Фариза

    “Менің мектебім” және “Білікті маман” жобалары – болашаққа салынған инвестиция

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.