12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мамайдың Қазақстандағы ашаршылық туралы картинасы АҚШ-та деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды

    Қазақстандық журналист және саяаткер Жанболат Мамайдың «Зұлмат. Қазақстандағы жаппай ашаршылық» картинасы АҚШ-та RusDocFilmFest-3W орыс тілді деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі КазТАГ порталына сілтеме жасап.

    «The Humanitarian Award – «Зұлмат. Қазақстандағы жаппай ашаршылық», режиссері Жанболат Мамай, Қазақстан. The Humanitarian Award – адамгершілік құндылықтардың сақталуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін адамға, киножобаға немесе фильмге берілетін марапат», – деп хабарлады фестивальді ұйымдастырушылар.

    «Зұлмат» («Бедствие») деректі фильмі 23 қазанда көрсетілген.
    Картина жаппай ашаршылықтың екі кезеңін қамтыған – 1920 жыл және 1931-1933 жылдар – оның себептері де түсіндіріліп өткен. Ашаршылыққа кеңес билігіне қарсы шыққан «байлардың» мүлкінің тәркіленуі, сондай-ақ жаппай ұжымдастыруды қолға алған кеңес саясаты себеп болыд деген пікірлер келтірілген. Картинада жаппай ашаршылық қазақ халқын жойып жіберу үшін кеңес билігінің қолдан жасағаны ма деген басты сұрақ та қойылады, және бұл биліктің әдейі жасағаны болуы мүмкін деген нақты деректер де келтіріледі.

    Картинаның авторы Жанболат Мамай Қазақстандағы жаппай ашаршылықты әлемдік қауымдастыққа қазақтардың басына төнген зұлмат екенін мойындатқысы келеді.

    Нью-Йорктегі жыл сайын өтетін деректі кинолардың RusDocFilmFest-3W халықаралық тәуелсіз фестивалі 2007 жылдан бастау алып келеді.

    қатысты посттар

    “Қазақ радиосы” мен “Астана ЛРТ” бірегей жобаны жүзеге асырды

    Арал ауданында 33 көше жөндеуден өтеді

    Фариза

    Сырдариялық шаруа алғашқы егінінен мол өнім жинауға үмітті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.