18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада волонтерлар марапатталды

    Қызылорда облысында пандемия уақытында бірліктің үлгісін көрсете білген волонтерлар мен азаматтық қоғам өкілдері Жастар орталығында бас қосты. Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысып, Президент пәрмен берген «Волонтерлар жылының» ерекшелігіне тоқталды.

    Облыс әкімінің орынбасары індет өршіген тұста «Сыр волонтерлары» орталығы құрылғанын айтты. Сыр волонтерларының көмегімен өңірімізде 8 451 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 870 отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары табысталды.

    Облыстық Жастар орталығы жанынан құрылған «Волонтерлардың фронт-офисі» өкілдері де жүйелі жұмыс жүргізгенін, олар басты қажеттілікке айналған – бетперде, дәрі-дәрмек, оттегі баллондарын, мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіру ісін қарқынды үйлестіре білгенін алға тартты.

    Атап айтсақ, фронт-офис өкілдерінің көмегімен дәрігер нұсқамасы негізінде 210 қала тұрғынына 2 154 дана дәрі-дәрмек, 255 медицина қызметкерлерінің отбасы азық-түлік өнімдерімен, ауруханаларда үздіксіз еңбек еткен 1 700 медицина қызметкері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Көмек ретінде 72 оттегі баллондары ауруханаларға жеткізілді.

    Сыр волонтерлары пандемия кезеңінде көмек берумен қатар су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал тұрғындарына 89 тонна азық-түлік, 6 тонна киім-кешек, 6 тонна тұрмыстық зат және 1 млн. теңге қаражат жинауға атсалысты. Гуманитарлық көмек көрсетуге облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері, бастамашыл жас кәсіпкерлер, волонтерлар, Ассамблея хатшылығы мүшелері, «Nur Otan» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты филиалы үлес қосты.

    Көмек беруде аянып қалмаған жомартжанды кәсіпкерлердің еңбегі де шет қалмады. Серік Әбжәліұлы республикада алғаш болып біздің өңірде автоволонтерлар қозғалысы қолға алынып, оң нәтиже бергенін атап өтті.

    «Bilim» бағытында қайырымды тұрғындар көмегімен 100-ге жуық ескі компьютерлар жинақталып, ІТ парк базасында жөндеуден өткенін және соның нәтижесінде ол көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға үлестірілгенін сөз етті.

    Шарада қатысушылардың ұсыныс-пікірі тыңдалып, ойы ескерілді. Облыс әкімі еріктілерге ерекше ризашылығын жеткізді. Волонтерлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен және облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Алғыс хатымен марапатталды.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

    Фариза

    Кәсіп түбі – нәсіп!

    Республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты

    Пікір қалдыру

    sixteen − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.