21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Жаңақорғанда 2291 бас жылқы төліне чип салынған

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына сай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Жылқы малын бірдейлендіру таңбалау және чип салу әдісі арқылы жүргізіледі Құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде).

    Жылқы малын чиптеу төрттүліктің ұрлануына, жоғалуына және дәстүрлi әдiспен таңбалауда жарақаттануына жол берілмейді. Бірдейлендіре отырып паспорт беру мемлекеттік қызмет болып саналатындықтан, тек мал иесінің өтініші арқылы жүзеге асырылады.

    Бұл – шаруашылықтар үшін сәйкестендірудің ең тиімді жолы.

    Есепте болмаған жануарларға ешқандай ветеринариялық іс шаралар жүргізілмейді.Яғни ол ауру таратушы немесе ұрлықы мал ретінде күдік туғызады.

    Жаңақорған ауданы бойынша 2020 жылға арналған ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шара жоспарының 9 айлық орындалуы бойынша жылқы төліне 2291 басқа чип салынған. Әр басқа чип құны белгіленген.

    ҚР 10.07.2002 жылғы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерiне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы хабарлама жасауы керек.

    қатысты посттар

    Шымкентте жедел жәрдем көрсету станциясының «CALL» орталығы жаңғыртылды

    Фариза

    «Абай Арена» керемет кешенге айналып келеді

    Қызылордада жастарды қолдауға арналған жол карта әзірленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.